(Қазбек Ибрашев сол жақтан санағанда бірінші тұр)
Еліміздің батыс өңірінен суыт хабар келді. Əскери самбо күресінен аға жаттықтырушы, білікті бапкер Қазбек Нығметұлы Ибрашев мәңгілік сапарға кетті.
Қазбек Нығметұлы 1972 жылы Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы Тайпақ ауылында туған.
Ол 27 жыл бойы жаттықтырушы болып, талай палуандарды дүрмекті додаларға дайындады. Оның қол астында жаттыққан спортшылар Азия және әлем чемпиондары болды. Ал жақында Ресейдің Сочи қаласында самбодан өткен әлем чемпионатында оның шәкірттері Термірлан Ықсанғалиев пен Ботақан Райымқұлов қола медаль иеленді.
Осы ауыр қазаға байланысты еліміздің Самбо федерациясы, марқұмның барлық әріптестері мен шәкірттері Қазбек Нығметұлының отбасына қайғырып көңіл айтады. www.sportpress.kz ақпараттық-сараптамалық спорт сайтының редакциясы да марқұмның отбасымен, туған-туыстарымен және достарымен қазаға ортақтасады.