Қазақстан теннисшісі, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Ұлыбританияның Истборн қаласында болатын турнирге қатыспау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) хабарлады.
«Ролан Гаррос» турнирі кезінде өзімді жайсыз сезініп, жарыстан шығып қалдым. Қонақ үйдің номеріне барғанда дене қызуым одан сайын көтеріліп, басымды көтере алмай қалдым. Сенесіздер ме, бір апта ешқайда шықпай қонақ үйде жаттым. Сосы өз-өзіме келгендей болып, Германиядағы турнирге қатыстым.
Енді сырқат деген жаман ғой. Осы жетіде толық емделіп алуым керек. Келесі аптада Уимблдон турнирі басталады. Соған дейін толық жазылсам жақсы бола еді, — деді ол.
Бүгін Рыбакина турнирдің бірінші нөмірлі теннисшісі ретінде тіркелген қытайлық Ван Сиюмен кездесуі керек еді. Қытай спортшысы рейтингте 75-орында тұр.
Енді Рыбакинаның орнына рейтингте екінші орында тұрған чехиялық Барбора Крейчикова қатысады.
Истбурндағы турнир кеше басталған. Ол 1 шілдеге дейін болады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА