• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Азиадада Қазақстанның шұғыл штабы құрылады

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Азия ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабымен кездесті. Министр жарыс алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиындарының қорытындысымен танысып, спортшылардың жалпы дайындығы туралы сұрастырды.

    Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, құрама жаттықтырушылары спортшылар жарақаттан аман, физикалық дайындықтары мығым және тек жоғары сынамалы жүлде алуға ниетті екендіктерін айтты. Сондай-ақ Алматы облысындағы республикалық олимпиадалық даярлық базасы үшін алғыс айтты.

    Алдағы басты дода — Азия ойындары өте маңызды жарыс. Жақсы нәтиже көрсетіп, ел үмітін, жанкүйерлердің сенімін ақтау қажет. Сондай-ақ құрлық біріншілігінде спорттың 8 түрінен Олимпиада лицензиялары сарапқа салынды. Сіздер ауқымды жұмыс жасадыңыздар. Енді жүлде алып, төгілген тер мен үлкен еңбектің жемісін көруге тілектеспін. Осы жарысқа дайындалу үшін министрлік тарапынан барлық жағдай жасалды. Азиада барысында да тәулігіне 24 сағат қолдау көрсететін боламыз. Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда шұғыл әрекет ету үшін арнайы штаб жұмыс істейтін болады,- деді Ермек Маржықпаев.

    Туризм және спорт министрінің жаттықтырушылармен кездескен еспубликалық олимпиадалық даярлық базасы ТМД-дағы ең ірі спорт кешендерінің бірі саналады. Мұнда халықаралық стандарттарға сәйкес, спорттың 23 түрі бойынша олимпиадалық резерв пен ұлттық құрама командалар дайындалады.

     

    Туризм және спорт министрлігі

    ФОТО: Туризм және спорт министрлігі

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *