Теннисші Елена Рыбакина Катардың Доха қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалында әлемнің 38-ракеткасы, 2021 жылғы АҚШ ашық чемпионатының финалисі, канадалық Лейла Фернандеспен ойнап, кортта алғаш рет кездесті, деп хабарлады RRaketkasi.
Канадалық теннисші матчты жақсы бастап, 4:1 есебімен алға шықты. Дегенмен бұдан кейін Рыбакина қатарынан бес геймді алып, есепті 6:4-ке жеткізді.
Екінші сетте Рыбакина есеп 3:2 болған кезде брейк жасай алды. Содан кейін матчты тағы бір брейкпен түйіндеді. Есеп – 6:2.
Матч бір сағат 34 минутқа созылды. Осы уақытта Рыбакина 6 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды.
Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 32-ракеткасы, 2021 жылғы Ролан Гаррос жарысының финалисі, ресейлік Анастасия Павлюченковамен кездеседі.