• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    agenzianova.com

    АҚШ-тағы парадта атыс болды (ВИДЕО)

    АҚШ-тың Канзас-Сити қаласында футболдан Super Bowl лигасының жеңімпаз командасының құрметіне өткен шеруде атыс болып, бір адам қаза тапты. 22 адам жарақат алды, деп хабарлады CNN.

    Атыс Юнион Стэйшн вокзалының жанында болды. Бір адамның қаза тапқаны расталды. Оқтан зардап шеккендердің жалпы саны 22-ге жетті, — деп айтты қалалық полиция басшысы Стейси Грейвс.

    Gun Violence Archive ұйымның мәліметіне сілтеме жасаған телеарнаның хабарлауынша, зардап шеккендердің арасында 8 бала бар.  Бұл — жыл басынан бері АҚШ-та болған 48-ші атыс.

    Канзас-Сити қаласындағы атыстың себебі анықталып жатыр.

    Полиция басшысы Грейвстің айтуынша,  үш адам қамауға алынды.

    Парад Ұлттық футбол лигасы (Super Bowl) жеңімпазы «Канзас-Сити Чифс» клубының құрметіне ұйымдастырылған болатын. Бұл команда Лас-Вегас қаласында болған Ұлттық футбол лигасының финалында «Сан-Франциско Форти Найнерс» клубын 25:22 есебімен жеңген.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *