Талдықорғанда бильярдтан ардагерлер арасында «Жетусу кубогы» III халықаралық жарысы аяқталды.
Кубокты Қырғызстанның Бішкек қаласының «Манас» командасы жеңіп алды. Екінші орынды Шымкенттің «Тұран» клубы иеленсе, қола медальге Астана қаласының «Ауыл Ұландары» ұжымы ие болды.
Былтыр «Отбасы және Ардагерлер арасында спортты қолдау қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай өткен «Нағыз ардагерлер» халықаралық жарысында «Манас» командасы екінші орынды иеленсе, Шымкенттің «Тұран» клубы турнирдің жеңімпазы атанған болатын.
Сол кезде жарыстың бас серіктесі «Самұрық-Қазына әл-ауқат қоры» компаниясы, ал серіктесі Туризм және спорт индустрия қоры болды. Бұл жолы да аталған компания мен қор турнирдің серіктесі болып қолдау көрсетті.
Өз тілшімізден