• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    «Тұран» ФК

    «Тұран» төрт тур қалғанда бас жаттықтырушысыз қалды

    Түркістан қаласының «Тұран» футбол клубы премьер-лига ойындарының аяқталуына төрт тур қалғанда бас жаттықтырушы Әбдіхалық Бөрібаев пен оның көмекшісі Артур Авакянцпен қош айтысты.

    Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір «Тұранның» бірінші лигаға түсіп қалу қаупі бар. Сол себептен бас жаттықтырушы мен оның көмекшісі командадан кетуге мәжбүр болып отыр.

    Қазір клуб премьер-лигада 19 турдан кейін 11 ұпаймен 13-орында. Оның алдында 12-орында 13 ұпаймен «Ұлытау» тұр. Ал турнир кестесінің соңғы орнында бар болғаны 9 ұпай жинаған «Атырау» келеді.

    Өткен турда Талдықорғанда «Жетісудан» 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Енді Түркістанның жасағы 9 тамызда Атырауда жергілікті клубпен ойнайды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *