Бүгін Орал қаласында футзалдан Алматының «Қайрат» клубы мен Семейдің «Семей» командасы Қазақстан суперкубогын сарапқа салды.
Бұл матчтың ерекшелігі, футзал тарихында алғаш рет суперкубок ойыны Батыс Қазақстан облысында болды. Командалар жаңа әрі заманауи спорт кешенінде күш сынасты.
Былтыр «Қайрат» «Семейді» 3:1 есебімен жеңіп, суперкубоктың иегері атанған еді.
«Қайрат» бұған дейін 11 рет суперкубокты жеңіп алған. Алматының клубынан кейін «Ақтөберентген» командасы екі рет суперкубоктың иегері болған. Бұл жүлдені «Тұлпардың» өзі бір-ақ рет жеңген. Ал бүгінгі ойында «Қайрат» 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА