Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасы Хорватияның Неделище қаласында Еуропа чемпионатының 2026 жылғы іріктеу турнирі аясында осы елдің құрама командасымен ойнады.
Бауыржан Сағындық жаттықтыратын команда алаң иелерін 2:1 есебімен жеңіске жетті. Матчта голды Ислам Рақым мен Расул Акимов салды.
Хорваттар сапынан Юрай Фриган пенальтиден допты торға тоғытты.
Айта кету керек, қарсылас команда матч соңында таразы басын теңестіруге мүмкіндігі болды. Алайда Лука Бартолович тағы бір пенальти соға алмады.
Енді Қазақстан U-17 құрамасы 14 қарашада Нидерланд құрамасымен ойнайды.
Хорватия U-17 – Қазақстан U-17 – 1:2
Голдар: Фриган 33 (пен.) – Рақым 2, Акимов 45
Соғылмаған пенальти: Бартолович 57
Ескертулер: Юсупбеков 43, Рақым 60, Жұмабек 78, Досан 88, Азатқазы 88, Бейбітов 90+7
Хорватия U-17: Лойен (қ), Трупчевич, Сабо, Бельян (Чинеду Эчуе 70), Крешич (Миличич 46), Фриган (к) (Беадер Траяновски 80), Модрич (Саблич 46), Келава, Жужич Шкафар, Дедич, Черич (Бартолович 46);
Қосалқы құрам: Грачанин (қ), Янич, Слатина, Зирдум.
Аға жаттықтырушы: Сретен Чук.
Қазақстан U-17: Серікбай (қ), Авасханов, Рақым (Ханафи 64), Азатқазы, Балтабаев (Бейбітов 78), Жайлаубек, Әкімов (Жылқайдар 64), Юсупбеков, Жұмабек, Орынбасар (к) (Досан 84), Черноморец (Дайрабай 78);
Қосалқы құрам: Килджиев (қ), Әмренов, Ахмет, Яковлев.
Аға жаттықтырушы: Бауыржан Сағындық
Төрешілер: Оскар Юнсон, Даниэль Инг (екеуі де — Швеция), Росс Нелсон, Росс Харди (екеуі де — Шотландия).
11.11.2025. «Спортпарк Трате», Неделишче, Хорватия.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА
SportPress.kz Қазақстан спорт жаңалықтары