• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Берекелі бастама

    «Жақсы істің басына жақсы келер қасына» демекші, Алматы қаласында таеквандо спортынан жаңадан шаңырағы көтерілген Халықаралық қоғамдық одақтың ресми ашылу салтанатына орай ұйымдастырылған алқалы отырысқа осы спорт түрінен ел елге танымал ардагер жаттықтырушылар мен Желтоқсан батырлары келіп қатысты.

    Осылайша, жақсы бір игі істің тұсауы кесіліп жатқанда Желтоқсан батырлары да шет қалмай келіп қолдау көрсеткендері көңілге қонады. Өйткені, тәуелсіздігімізді жеңіп алып берген батырлардың арасында да спорттың әр түрінен топ жарып, үлкен жетістіктерге жеткендерінің қатары қалың.

    Айталық, осы отырысқа арнайы келген еркін күрестен кезінде ел чемпиондары, ардгерлер арасында өткен халықаралық жарыстың күміс жүлдегері Дархан Жакешев, еркін күрестен Қазақстан чемпионы Батыр Әлімқұлов секілді Желтоқсан батырлары да келіп қатысып, берекелі бастамаға қолдау, құрмет көрсетті.

    Кездесу бастала салып таеквандо спортынан JASYN атты қоғамдық одақтың құрудағы мақсат, мүддесі талқыланып, пікір таластар болды.

    Алқалы жиында Исатай Кабеков, Жұмабек Байділдіқажы мен Жамали Диханұлы секілді осы спорт түрінің майын ішіп, жілігін шаққан елге танымал мамандырдың келіп қатысып, өздерінің ой- пікірлерімен бөлісуі де өте маңызды болды. Иә, таеквонда Олимпия ойындарының бағдарламасына сонау 2000 жылы Сидней Олимпиадасында кіргелі бері бұл спорттың әлемге тарау қарқыны күшейгенін көреміз. Жапондар дзюдо, сумо сияқты спорттарын әлемге таратса, кәрістер де олардан қалмай таеквандосын дамытып қана қоймай, Олимпия ойындарына бағдарлмасына кіргізіп қойды. Бұл екі спортқа қызығушылық шартарапта еселеп артып, жасөспірімдер құлшына айналысуда. Осындай екі елдің ұлттық спорттарына деген сүйіспеншілігін, құрметін көре отырып, «Шіркін, біздің төл күресіміз қазақ күресі де Олимпиаданы айтпай тұрып Азия ойындарының бағдарламасына кірсе ғой», деген арманымыз жанымызды жегедей жеп, ішімізден түртетіні хақ.

    Иә, Алла нәсіп етіп, мемлекет тарапынан бетбұрыс, қозғау болса ұлттық күресіміздің де алар асуы болар деген ниеттеміз. Бірін айтып біріне кетсек кешірім сұраймын. Сонымен дөңгөлек үстелде жаңадан тұсауы кесілген Халықаралық таеквандо одағының атқарар жұмыстары талқыланып, одақтың басқарма мүшелері сайланды.

    JASYN халықаралық қоғамдық одағығың презиендеті болып Болат Тоқтабайұлы Құрымбаев сайланса, вице-презденті қызметіне Дамир Нұсұлтанұлы, атқарушы директоры лауазымына Серік Жиенбаев бірауыздан көптен қолдау алып бекітілді. Жаңадан іргесі көтерілген Халықаралық таеквандо қоғамдық одағының негізгі мақсаты — өскелең ұрпақты осы спорт түрімен айналысуға жағдай туғызып, Олимпиада, әлем, Азия жарыстарында еліміздің намысын абыроймен қорғайтын дарынды таеквандо шеберлерін дайындап шығару.

    Қазіргі таңда таеквондо спорт түрінен әлем ареналарында табысты өнер көрсетіп жүрген ұл-қыздарымыздың қатары көбейіп келеді. Әсіресе, қазақ жастарының айтулы спортқа деген құмарлығы ерекше. Ата-бабамыз батыр халық болған соң жекпе-жек өнері қазаққа өзге спорт түрінен бір табан жақын екенін жасыра алмаспыз. Сондықтанда осы бір аламан спорт түріне бел шеше белсене тағы бір су жаңа таеквандо одағы қосылуға кіріскелі тұр екен. Ендеше, алдынан жарылқасын дейміз. «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер», демекші қазақ қашанда үлкен бір істі бастар алдында не болмаса сапарға аттанар алдында ақсақал, абыздардың ақ батасын алу ежелден келе жатқан көне дәстүріміз екені белгілі.

    Алқалы жиын соңында атақты жыр алыбы Жамбыл бабымыздың шөбересі, Желтоқсан ардагері Мұратхан Жамбылов ата-баба дәстүрімен қол жайып ақ батасын берді. Енді тек осы берекелі бастаманың жемісін көру жолында табанды еңбек ету жаңадан құрылған қоғамдық одақтың алдында тұрған негізі мақсат.

     

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    АЛМАТЫ

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *