• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Академияның шәкірттері үлкен жеңістерден үмітті

    Алматы облысының Текелі қаласында самбо күресінен КСРО спорт шебері Қайрат Мейренбаевты еске алуға арналған 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында ел чемпионаты өтті, деп хабарлады Семей спорт академиясының баспасөз қызметі.       

    Еліміздің барлық өңірінен 350-ге жуық білектілер мен бұрымдылардың басын қосқан бұл жарыста Семей спорт академиясының шәкірттері жақсы нәтиже көрсетті. Біздің балғын балуандар Текелі төріне төселген боз кілемде екі алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Белдесулер нәтижесінде 74 килода Шалқыбек Рахметоллаев қола, 66 кг салмақта Маратбек Рахметоллин мен 82 килода күрескен Қуаныш Ратаев күміс медаль еншіледі. Ал Руслан Жарқынбаев (82 кг) пен  Қуандық Стамполов (90 кг) қарсылас шақ келтірмей чемпион атанды. Академия самбошыларын бұл жарысқа бапкер Біржан Имаханов бастап барған болатын.

    Сонымен қатар дзюдо күресінен Қостанай облысының Тобыл станциясында өткен республикалық турнирде де академияның шәкірттері жүлдегерлер қатарынан көрінді. 300-ден аса жасөспірімді жинаған жарыста ұлдар арасында 38 килода  Ақан Ботанбай үшінші, Елдос Оразынбаев (42 кг) екінші орын алды. Қыздар арасында Анна   Овчаренко (48 кг) екінші, 63 кг-ден жоғары салмақта Ажар Асхат бірінші орын алды. Айта кетейік, Қостанайдағы жарысқа Ержан Жантасов бапкер бастап барды.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *