• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақ дзюдошылары Мароккодан күміс жүлдемен оралды

    Семей спорт академиясының шәкірті Ерасыл Қажыбаев Марокконың Мараккеш қаласында дзюдодан өтіп жатқан Гран При жарысының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлады Семей спорт академиясының баспасөз қызметі. 

    Ерасыл финалға дейін алқынбай жетіп, финалдық белдесуде германиялық Свен Хейнлиге есе жіберіп алды. Рас, күміс жүлдені де қомсынып отырғанымыз жоқ. Ерасылдың жеңісті күндері алда деп білеміз. Қажыбаев ел намысын абыроймен қорғап жүрсе, ол бапкердің еңбегі. Бұл ретте Семей спорт академиясының директоры Мерейғалы Көшкінов, дзюдо бөлімінің аға жаттықтырушысы, Ерасылдың Семейдегі жеке бапкері Ержан Жантасовтың еңбегі зор деп білеміз.

    Айта кетейік, тағы бір дзюдошы Ерлан Серікжанов дәл осы жарыста 66 килоға дейінгі салмақта белдесіп, қола жүлдені қоржынға салған болатын. Жалпы, Қазақстан құрамасы Мароккода өткен Гран При жарысын 1 күміс, 1 қола жүлдемен аяқтады.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *