• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Алматыда самбодан ел чемпиондары анықталды

    Алматы қаласында самбо күресінен 1999 – 2000 жылы туған жастар (ұлдар, қыздар) арасында КСРО-ға және Қазақстан Республикасына Еңбек сіңірген жаттықтырушы, Қазақстан Республикасына Еңбек сіңірген қайраткер Темірхан Досмұхамбетовтің 70 жас мерейтойына арналған ел чемпионаты өтті, деп хабарлады Семей спорт академиясының баспасөз қызметі.

    Алатау бөктерінде, Астана, Алматы мен Шымкент және 14 облыстың командасы бас қосқан бұл жарыста 360 самбо шеберлері боз кілемнің көрігін қыздырды. Чемпионатқа Семей спорт академиясының сегіз шәкірті қатысты. 74 килода бақ сынаған Шалқыбек Рахметоллаев чемпион атанса, қыздар арасында 64 килода белдескен Зарина Сарипова қола медальді иеленді. Айта кетсек, Шығыс Қазақстан облысы бұл чемпионатта бір алтын, екі күміс, екі қола медаль еншіледі.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *