• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бекзатым-ай!!!

    …СИДНЕЙ ОЛИМПИАДАСЫ бүгінгідей көз алдымда!!! Ол Олимпиадаға ҚР мемлекеттік хатшысы Әбіш Кекілбаев ағаның тоқпағының арқасында барған мен Алла сәтін салып, 22 күн Олимпиада қалашығында жаттым. Сонда Бекзатпен жатқан бөлмелеріміз қол созым ғана жерде болып, 22 күн бойы құшақ айырмай, сырласып бірге жүрдік!

    Бекзаттың әрбір шайқасынан кейін сол кездегі министрліктің  Штаттағы командалар және спорт резерві дирекциясының басшысы Серік Түкиев екеуміз оның бөлмесіне арнайы барып, бетінен сүйіп, арқасынан қағып жүрдік…Чемпион атанған БЕКЗАТ САТТАРХАНОВТЫ сол сәтте ринг түбінен күтіп алып, тұңғыш боп суретке түсіріп, онымен бірге «тышқан жорғалатпайтын» құпия бөлмеге кіріп кетіп, арнаулы адамдар оған алты құты сұйықтық ішкізіп, допингке зәрін тосып алғанда жанында болып, волонтер Жанар деген қызымыз арқылы әлгілермен сөйлескен Бекзаттың әр сөзін естіп, әр қимылын бақылаған басымыз…

    Бүгін сол АЛТЫН ҰЛ жанымызда жоқ дегенге сене алмай, күні бойы мең-зең боп жүрдік…Туғанына 40 жыл толып, жыл аяғында мәңгілікке айрылғанымызға 20 жыл болатын БЕКЗАТ САТТАРХАНОВТЫҢ жарасы қазақ халық боп, ұлт боп тұрғанда жазылмайды-ау, жазылмайды! Қайран, БЕКЗАТЫМ-АЙ!!!

    …Бүгін «Хабар» арнасы түсірген «БЕКЗАТ» атты көркем фильмді көрдім… Әсері ауыр болды. Пікірімді бірер күннен соң, мына зілдей салмақтан арылған соң жазармын.

    Несіп ЖҮНІСБАЙҰЛЫ,  журналист-жазушы, спорт қайраткері,

    Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *