• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Дмитрий Баландинмен олимпиадалық жаттығу басталады

    Ұлттық Олимпиада комитеті (ҚР ҰОК)  мен «ДругойТы» YouTube арнасы бірігіп, карантин уақытында үйде дене шынықтыруға арналған жаттығуларды бастайды. Бұл туралы Қазақстандық ММА аралас жауынгерлік жекпе-жек біріккен федерациясы хабарлады.

    Бүгінгі арнайы шығарылымда 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Азия ойындарының үш дүркін чемпионы, Универсиада ойындарының жеңімпазы, жүзуден Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Дмитрий Баландин жаттығу өткізеді. Оның карантин кезінде дененің шынығуына әсері көп болады.

    Ұлттық Олимпиада комитеті карантинде дене тәрбиесімен айналысқысы келетін адамдарды қолдай отырып, Олимпиада чемпиондары мен фитнес саласындағы белгілі кәсіби мамандардың жаттығуларын Фитнес – online-кешеніне тіркеді.

    Сондай-ақ, бүгін фитнестен кәсіпқой маман Дамир Есеновтың дене шынықтыруға арналған тренингі өтеді.

    Функционалдық жаттығулар өзіміз күнделікті жасатын тізені бүгу, алға ұмтылу, отырып тұру, аяқпен, қолмен итеру, тарту, бұрау және бұру секілді дене қозғалыстарынан тұрады.

    Жаттығулар мен қызықты бағдарламаларды әр дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері көре аласыздар. Бұл бағдарламалар тек коронавирус пандемиясына байланысты карантин кезінде ғана емес, ол аяқтағаннан кейін де спортпен айналысуға мүмкіндік береді.  «ДругойТы» YouTube-арнасымен және Ұлттық Олимпиада комитетімен бірге денеңізді бір қалыпта ұстаңыз.

    Үйде отырыңыздар, аурудан сақтаныңыздар!

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *