• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Дене шынықтыру сабағы қашықтан оқытуда қалай ұйымдастырылуда?

    Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМКҚ қашықтан оқыту кезінде  жалпы білім беру ұйымдарына «Дене шынықтыру»  пәні  бойынша педагогикалық қызметті ұйымдастыруға арналаған әдістемелік нұсқаулық құрастырды. Содан соң, оны аймақтық тәрбиесі   орталықтарының басшылары, әдіскерлері, мұғалімдер, Мектепке дейінгі және орта білім комитеті мен Ұлттық білім академиясы өкілдерінің қатысуымен  онлайн конференция өткізіп,  талқылау жұмыстарын   жүргізді, жалпы пікір бойынша әдістемелік нұсқаулық дене шынықтыру пәні бойынша қашықтан оқыту кезінде  көмек ретінде педагогтарға пайдалануға ұсынылды. Бұл туралы аталған орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.

    Сонымен қатар,  дене шынықтыру сабағын  қашықтан оқытуға байланысты оқушы мен ата-анаға арналған анимациялық видеоролик түсіріліп фейсбук, инстаграм, телеграм парақшаларында жарияланды. Педагогтерге сабақ үлгісі ретінде дене шынықтыру сабағын қашықтан оқытуға арналған видеоконтенттер (жеңіл атлетика, футбол тақырыбы бойынша) Қазақстан футбол федерациясы және жеңіл атлетика федерациясы мамандарымен бірлесіп дайындалды.

    Енді жалпы дене шынықтыру сабағы бүгінгі күні қалай қашықтан ұйымдастырылып өткізіліп жатыр? Мұғалімдер қашықтан оқытудың қандай түрлерін пайдалануда? Қандай электронды білім беру порталын, сервисті пайдаланып қызмет жасап жатыр десек, онда іс жүзінде тәжірбиелі мұғалімдердің пікірімен бөлісейік.

    Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласындағы №64 мектеп-лицейінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ләззат Сансызбайқызы Орманбекова:

    –2020-2021 оқу жылының 1-тоқсаны қашықтан оқыту болып жатыр. Дене шынықтыру сабағын MicrosoftTeams платформасымен өтіп жатырмын. Сынып оқушыларына уотсаптан топ құрылған. «Дене шынықтыру» пәнінен қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдамаға сүйене отырып, сабағымды бір сабақ синхронды, екі сабағымды асинхронны өткізіп жатырмын. Бұл платформаға мұғалім де, оқушыларда үйреніп қалды. Сабағымды синхронды жүргізген кезде, платформаға жүктеймін, оқушылар сабақ басталысымен сабаққа кіреді. Әр оқушының өзінің логин-паролі бар. Сабағымды презентация арқылы оқушыларыма көрсетіп, сабағымды ашамын. Бұл кезде оқушылар да алдындағы бағыттау сабақ жоспарын ашып, дайын отырады. Мұғалімнің айтып, көрсетіп отырған презентациясын тыңдай отырып, тапсырмаларды кезегімен орындаймыз. Сабақ кезінде оқушылармен байланыста болып отырамын. Кері байланысты оқушыларым уотсап желісі арқылы жазып жібереді. «Сабақта не түсінді?», «Жаттығуларды орындау қиынға соқпады ма?», «Қандай әсерде болдыңыз?» деген сияқты өздерінің ойларын жеткізіп отыр. Мұғалім тапсырманы видеоға немесе суретке түсіріп жібер деп, оқушыны міндеттей алмайды. Оқушының жазбаша мәтін түрінде жіберген кері байланысын да бағалауға жатқызамын. Сондықтан мұғалім оқушыға сенуі керек. Яғни, өз тәжірибемде оқушыларымның арасынан суретке және видеоға түсіріп, жекеме жіберіп отырған оқушыларым бар. Оларға көп рахмет айтып, мотивация беріп, смайликтер түрінде, сөздік мадақтау түрінде жеке жауап жіберіп отырамын. Осы жағдайда оқушылар мұғалім жіберіп отырған мадақтау сөздерін, болмаса смайликтерін көргенде, көңіл-күйін смайлик болмаса сөз түрінде кері байланыс жасап жатады. Бағыттау сабақ жоспарымдағы тақырыбымды толық ашамын. Сабақты жазбаша мәтін түрінде, тақырыпқа сай суреттерді және сілтемені қоя отырып жіберемін. Сілтемені аша алмаған жағдайда, оқушы жазбаша мәтінді және суреттерді көре отыра сабақтан мағлұмат алады. Бұл – дене шынықтыру мұғалімдеріне ескеретін ең бірінші жағдай. Асинхронды сабағымды платформаға жүктеп және ватсапқа жіберемін. Ол жерде де оқушылармен кері байланысты ватсап желісі арқылы жасап отырамын, – дейді.

    Қашықтан оқыту кезінде дене шынықтыру сабағын тиімді ұйымдастырып өткізудің маңызы зор.  Дене шынықтыру жалпы мәдениеттің құрамдас бөлігі екені, ал жастарға осы бағытта білім беру дене шынықтыру сабағынан басталатынын естен шығармауымыз керек. Мұғалімдер өз   шеберліктерінің арқасында сабақты балаларға қызықты, өз ынтасымен орындауға  мүмкіндік жасап ұйымдастырып жатқанын білдік. Осы кезеңде дене шынықтыру мұғалімдері бір-бірімен тәжірибе алмасып, бір-біріне қолдау көрсетіп оқушылардың қимыл-қозғалыс белсенділігін төмендетпеуге мүмкіндік жасайтындарына сенімдіміз.

     

    Бір пікір

    1. Лариса

      Лишь только такой достоин жизни и свободы, кто постоянно из-за них идет на бой. Я зачаровуюсь, прочитывая Ваши тексты. Именно они дают мне глоток свободы в предстоящем дне.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *