• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Елдің ісі – ердің қолында

    Кеңес Одағының еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, КСРО  әуе күштері әскерінің үш дүркін абсолютті чемпионы, ережесіз жекпе-жектен тоғыз дүркін Әлем чемпионы, КСРО мен Қазақстанда  кикбоксинг пен ушу-саньданың іргетасын қалаушы, Дүниежүзілік «Жекпе-жек» қауымдастығының президенті Сабыржан Ғалымжанұлы Махмет туралы бір үзік сыр.

    «Бірақ, ұлтшыл болу – өзге ұлттарды басыну деген сөз емес. Ұлтшыл адам ғана, өз ұлтын сүйген адам ғана өзге ұлттарды сыйлай біледі. Біз өзімізді өзгелердің алдында тілімізбен, салт-дәстүрімізбен, білімімізбен биік қоя білуіміз керек», – дейді батыр бауырымыз Сабыржан Махмет. Расыменде ойлап қарасақ, осы дуалы ауыздан шыққан аталы сөздің мән-мағынасы тереңде жатыр.Ұлтын, ана тілін, дінін сүю, құрметтеу ол ешкімге қиянат етпейтін ұлы сезім. Расул Гамзатов: «Егер туған тілім ертең өледі десе, мен бүгін өлуге әзірмін», – деген екен. Сондықтан да ана тіліне, туған ұлтына селсоқ қарап, ешбір пайдасы тимеген адам жартылай адам деп айтуға болатын шығар.

    Ұлт тағдырына қалай болса солай қарау кешірілмес күнә. Қазақтың аналары ел қорғайтын батыр туған. Ентелеген жаудың екпінін басатын ер мінезді, елім деген ерлер көп болса, бізді сыртқы жау да дау да басқа пәленің бәрі ала алмайды. Өйткені, Сабыржан бауырымыздай ел үшін туған, арқалы биік, асқары заңғар елім, туған жерім деп тік тұрып айтатын қазақтың қорғаушылары барда, киелі мекенімізді ешбір қаскөй ойын іске асыра алмайды.

    Сонау 1990-жылдардың басында еліміз егемендігін алар кезеңде, елімізде алам-ғайып, жағдайлар туып, халықтың дегбірі қашқан жылдар болатын. Қазақтың басына не келіп не кетпеді. Сол бір ауыр жылдары қазақтың басына сырттан келіп би болмақ ниетпен ұмтылғандарға, кеуде қоя білген батыр ұлдарымыз атқа қонғаны анық. Сол қазақтың болашағы үшін сын садағы қадалған кезеңде Сабыржан Махмет бауырымыз да батыр бабаларының жолымен шовинстік режимнің сұрқия саясатына қарсы тұрған асыл текті ардақты азматтың бірі болды.

    Аллаға шүкір, еліміз тәуелсіздігін алған жылдан бастап, қалт-құл еткен эконикамыз да аяғынан тұрып, халықтың әл-ауқаты жақсара түскен еді. Сол жылдардан бастап, ел спортының да іргесі көтеріліп, әлем жарыстарында қазақтың жалаңтөс спортшылары көк тумымызды көктен желбіретіп, дербес мемлекет ретінде әлем сахнасынан көріне бастадық. Осы кезеңде Сабыржан Махмет бауырымыз да елдегі спорттың дамуына барынша қолдау көмегін салып, аянбай тер төкті.  Айталық, 2000 жылы Алматыда тұңғыш рет Орталық стадионда  кикбоксингтен «Ғасыр матчы» деп  атау алған дүрмекті жарыстың өтуіне  ұйытқы бола білді. Сол жарыс әлі күнге дейін көз алдымызда. Елімізді елең еткізген дүбірлі шараға Сабыржан Махмет әлемге танымал Бола Янг секілді Голливудтың кино жұлдыздарын  елге шақырып халыққа шексіз көңіл-күй тарту еткен еді. Сонымен қатар әлемнің әр түкпірінен және де ТМД елдерінің барлық мемлекеттерінен спортшылар келіп бақтарын сынаған болатын. Сонда Сабыржан Махмет бастаған споршылар 11 салмақтың 7-де топжарып командалық бас жүлдені иеленгені есімде. Сол бір-ақ түйенің қарыны жарылған  жеңісті күнді көзімен көрген көнекөз көремендер әлі күнге дейін аламан жекпе-жектерді сағынышпен еске алып отырады.

    «Орағың өткір болса, қарың талмайды, Отаның берік болса жауың алмайды», – деген екен бабаларымыз. Отанымыздың берік әрі тыныш болуы Сәкеңдей қара қылды қақ жарып шындықты айтатын, қазақ үшін жан беруге бар батыр бауырларымыздың ортамызда болуы алланың берген нәсібі шығар. «Сабыржан бауырымыздың қазақ үшін жан беруге дайын екендігін әрбір жасаған игілікті  іс-әрекетімен айғақтатап келеді. Сабыржан Ғалымжанұлының ұлттық рухты ояту бағытында  жастарға айтып жүрген, мағыналы мәнді, от жалындай сөздері Бауыржан Момышұлы секілді қазақтың оттан да оқтан да қорықпаған ұлтжанды хас батырын көз алдымызға елестетеді.

    «Елдің ісі – ердің қолында», демекші, ел-жұрттың мұңын жоқтап, барын асқақтатын Сәкеңдей батыр ұлдарымызға Алла қуат берсін деймін.

     

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    АЛМАТЫ

    Бір пікір

    1. Екатерина

      Жо??ар мемлекеті тал?андалып, шы?ыста?ы б?рын?ы жау ?олында ?ал?ан жерлер босатыл?ан кезде сонда ?айта ?оныс аудар?ан ?аза?тарды ата мекеніне біржола орны?тыру жолында А?танберді айтарлы?тай роль ат?арады. ?зіне ?ара?ан руларды отыры?шыландырма? болып, ары?, то?ан ?аздырады, егін ектіреді.

    Жауап жазу Екатерина Қайтып алу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *