• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Реал» Мбаппеге 250 млн еуро төлеуге дайын отыр

    «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе Мадридтің «Реал» командамсына ауысуы мүмкін. Осыған байланысты ПСЖ шабуылшыны алмастыратын ойыншыны іздеп жатыр деген дерек шықты. Мбаппе жазғы трансферлік кезеңде командадан кетсе, оның орнына «Манчестер юнайтед» жасағының шабуылшысы Маркус Рашфорд баруы ықтимал.

    Бұл туралы Sports Zone хабарлады. Ақпарат құралының хабарлауынша,  алғашқы кезде ПСЖ басшылығы Рафаэль Леауды қарастырған еді. Алайда ол «Миланмен» келісімшартын ұзартты. Енді клуб Рашфордтің өзі «Манчестер юнайтедпен» келісімшартын ұзартқысы келмеген соң шабуылшымен келіссөз жүргізуге дайын отыр.

    Өткен маусымда 25 жастағы Рашфорд «МЮ» құрамында барлық турнирде 56 матч ойнап, 30 гол салып, 11 ассист жасапты.

    Ал Мбеппен ПСЖ-мен келісімшарт бойынша 150 млн еуро алады. Соның 90 млн еуросы бонус ретінде алып келеді. Шетелдік БАҚ-тың мәліметіне қарағанда, Мбаппе«Реалға» ауысатын болса, испандық клуб шабуылшыға 25-тен 30 млн еуромен қоса қомақты бонус төлеуге дайын.

    Егер трансфер қыста жасалса, онда Мбаппенің бонусы 100-ден 120 млн еуроға дейін өседі. Ал трансфердің өзі 250 млн еуроға дейін барады деген дерек бар. Сонда Реал» Мбаппе үшін ПСЖ-ға осыншама ақша төлейін деп отыр.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *