• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде сегіз орынға көтерілді

    Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) жариялаған рейтингінде сегіз орынға жоғарылады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы.

    Жаңа рейтинг бүгін, 29 маусымда шықты.

    Қазақстан құрамасы жаңартылған рейтингте сегіз сатыға көтеріліп, 104-орынға жайғасты.

    Маусым айында Магомед Адиев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда екі ойын өткізді. Ұлттық құрама Сан-Мариноны 3:0, Солтүстік Ирландия командасын 1:0 есебімен ұтты.

    ФИФА рейтингі. 29 маусым 2023 жыл:

    Жақшада өткендегі рейтингіндегі орны жазылған

    1. (1) Аргентина – 1843.73 ұпай
    2. (2) Франция – 1843.54
    3. (3) Бразилия – 1828.27
    4. (5) Англия – 1797.39
    5. (4) Бельгия – 1788.55
    6. (7) Хорватия – 1742.55
    7. (6) Нидерланд – 1731.23
    8. (8) Италия – 1726.58
    9. (9) Португалия – 1718.25
    10. (10) Испания – 1703.45
    11. (19) Дания – 1597.37
    12. (56) Финляндия – 1419.19
    13. (59) Словения – 1391.04
    14. (62) Солтүстік Ирландия – 1361.17

    1. (99) Ливан – 1201.74
    2. (100) Жаңа Зеландия – 1199.04
    3. (112) Қазақстан – 1198.24
    4. (102) Кения – 1191.07
    5. (103) Конго – 1190.63

    1. (211) Сан-Марино – 753.11

    Рейтингтің толық нұсқасымен ФИФА-ның ресми сайтында танысуға болады.

     

    ФОТО: Никита БАСОВ

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *