• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Қазақ күресінен ел чемпиондары анықталды

    Ақтау қаласында қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Бүгін ерлер – 55, 60 кг және түйе балуан салмағында, ал әйелдер – 48, 52 келі салмақта күресіп, чемпионды анықтады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігігің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті. Ерлер: 55 кг 1: Бекжан Төлепов (Қызылорда облысы) 2.Дәулет Ниетбай (Алматы қаласы) 3.Рузимон Тұқышев (Түркістан облысы) Асылхан Дүйсенбек (Жамбыл ...

    Read More »

    Жақсылық Үшкемпіров атындағы мешіт ашылады

    24 қарашада Алматы облысы Қарсай ауданы Жібек жолы ауылында грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған Жақсылық Үшкемпіровтің атындағы мешіт ашылады, деп хабарлады Күрес түрлері федерациясы. Мешіттің мекенжайы: Дүйсеков көшесі, 1. Жақсылық Үшкемпіровтің шын есімі — Жақсылық Үшкемпірұлы Әмірәлиев. Ол 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы Свердловск ауданындағы Дихан ауылында туған. 2020 жылы 2 тамызда пандемия кезінде қайтыс болған. 1971 ...

    Read More »

    Футболдан Қазақстан-Сан-Марино матчына арнайы автобустар апарады

    Бүгін Астана уақыты бойынша сағат 21.00-де Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында футболдан Еуропа-2024 чемпионатының іріктеу турнирінің матчы тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. Трансляция Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен беріледі. Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайына кіру тегін болады. Жанкүйерге Жекпе-жек сарайына жету үшін шаттл-автобустар ұйымдастырылады. Олар сағат 19.30-де «Астаналық цирк», «Қазақстан» СК, «Әзірет Сұлтан» мешіті, «Әбу Насыр Әл-Фараби» мешіті (Нұр-Астана) ...

    Read More »

    Боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Ташкентте жекпе-жекке шығады (ВИДЕО)

    Кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов Өзбекстанның Ташкент қаласында Чили елінің былғары қолғап шебері Хулио Аламосқа қарсы жекпе-жекке шығады. Кеше олар салмақ өлшеп, айқасқа дайындықты бастап кетті. Рәсімде Мейірім Нұрсұлтановтың салмағы орта салмақ санатының лимитінен аспай, таразы 72,5 келіні көрсетті. Оның қарсыласының салмағы 72,3 кг болды. Осы жеде қазақ боксшысын қолдауға Өзбекстанның аса ауыр салмақтағы кәсіпқой боксшысы Баходир Жалолов келді. Жалолов 2020 ...

    Read More »

    Бокстан Спартакиада: алғашқы жартылай финалистер анықталды (ВИДЕО)

    Бокстан Астана қаласында өтіп жатқан VI жазғы Спартакиаданың төртінші жарыс күнінде 48, 54, 60, 67, 75, 86,+92 келі салмақта жартылай финалға шыққан былғары қолғап шеберлер анықталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігігің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті. 48 кг салмақта 35 жастағы Теміртас Жүсіпов бірінші жекпе-жекте Түркістан облысының жас спортшысы Равшан Туракуловты жеңді. Сол секілді өз салмақтарында басты фаворит ...

    Read More »

    Футболшы Асхат Тағыберген «Пушкаш» сыйлығына ұсынылды (ВИДЕО)

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасы мен Шымкенттің «Ордабасы» клубының капитаны, жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) тағайындаған «Пушкаш» сыйлығына ұсынылды. Бұл приз ең әдемі голдың авторына беріледі. «Пушкаш» сыйлығына Асхат Тағыбергенмен бірге тағы 10 адам ұсынылып отыр. Олардың арасында «Цинциннати» клубының ойыншысы аргентиналық Альваро Баррель, Мадридтің «Реал» әйелдер командасы мен Колумбия құрамасының шабуылшысы Линда Кайседо, Англияның «Брайтон энд ...

    Read More »

    20 миллионыншы тұрғынның әрқайсысына қомақты ақша беріледі

    «Отбасы банк» АҚ еліміздің 20 миллионыншы тұрғын атанған балалардың ата-анасы 2 млн теңгенің сертификатын беру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы банк басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты. Еліміздің 20 миллионыншы тұрғын атанған балалардың ата-анасы болашағына да өз үлесін қосқысы келеді. Сондықтан біз («Отбасы банк» АҚ, — ред.) олардың әрқайсысына «Отбасы банкінің» 2 млн теңге номиналды құны бар сыйлық сертификаттарын сыйлаймыз. Сертификат ...

    Read More »

    Заманауи би елімізге танымал болып келеді

    Алматының ең әдемі орындарының бірі – «Сұңқар» мейрамханасында журналистер мен блогерлерге арналған презентациялық баспасөз конференциясы өтті. Қонақтардың сұрақтарына турнир ұйымдастырушылары Марат Ягфаров («Funky Dance» би орталығының негізін қалаушы) және Александр Кучура (Gorilla Energy компаниясының Орталық Азиядағы Спорт және іс-шаралар бөлімінің басшысы), сондай-ақ төрешілер Henry Link (стильдер шайқасының бас судьясы, АҚШ), Fabbreezy (Hip-hop, Франция номинациясының судьясы), Bruiser төрешілері (krump номинациясының судьясы, ...

    Read More »

    Сүйінші! 20 миллионыншы тұрғын дүниеге келді!

    Халықтың деректер базасының көрсеткіштеріне сәйкес, 2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8:10-да туған 5 бала бірдей еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды, деп хабарлады Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы. Ведомствоның хабарлауынша, еліміздің мерейлі азаматтары Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келген. Олардың үшеуі – ұл, екеуі – қыз. Еске сала кетсек, 1991 жылы Қазақстан Республикасының халық саны 16,4 ...

    Read More »

    Бокстан Спартакиада: Қазақстан чемпионы жеңіліп қалды (ВИДЕО)

    Астанада бокстан өтіп жатқан VI жазғы Спартакиадада Қазақстан чемпионы Санатәлі Төлтаев пен Василий Самчук күтпеген жерден қарсыласынан жеңіліп қалды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Ол 63,5 келі салмақ дәрежесінде өткен 1/8 финалда Жандос Қыдырәлиевтен 0:5 есебімен есе жіберді. Жекпе-жекте үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бәрі бірауыздан жеңісті Қыдырәлиевке берді. Санатәлі Төлтаев Қазақстан құрамасы сапында соңғы екі әлем чемпионатына қатысқан. Ол ...

    Read More »