• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Месси мен Бускетс «Интер Майамидегі» алғашқы жаттығуларын өткізді (ФОТО)

    Аргентина құрамасының футболшысы Лионель Месси мен Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Серхио Бускетс «Интер Майами» клубындағы алғашқы жаттығуларын өткізді. Бұл командамен Месси жақында келісімшартқа жасасып, құрамына қабылданған болатын. «Интер Майамидің» жаттығуына Мессимен бірге команданың құрамына алынған Испанияның белгілі ойыншысы Серхио Бускетс те қатысқан. Еске сала кетсек, Месси мен Бускетс 16 шілдеде салтанатты жағдайда «Интер Майами» клубына таныстырылды. Бұл іс-шараны АҚШ-тың мыңжаған ...

    Read More »

    Су спорты: Эдуард Ким әлем чемпионатының финалына шықты

    Жапонияның Фукуока қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында артистік жүзудің еркін бағдарламасында өнер көрсеткен Эдуард Ким финалға шықты. 18 шілдеде өткен іріктеу сынында Эдуард 173.0499 ұпаймен екінші орын алып, финалға жолдама алды. Бірінші орында АҚШ спортшысы Кеннет Годе. Үздік үштікті түйіндеген ұлыбританиялық Рандзю Томблин. Финалдық сайыс бүгін, 19 шілдеде болады. Бұл жарыс Астана уақытымен Qazsport арнасынан 17.05-те басталады. ...

    Read More »

    Күрестен АЧ: Қазақстанның әйелдер құрамасы екі жүлде алды

    Иорданияның астанасы — Амман қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионатының (U15&U20) жетінші күні U20 әйелдер күресінен соңғы 5 келі салмақ дәрежесінде белдесулер өтіп, ұлттық құраманың спортшылары ел қоржынына екі жүлде салды. 72 келіде сынға түскен Шәмшиябану Тастанбек финалда үнді қызы Харшита Харшитаға есе жіберіп, Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Алтын Шағаева (53 келі) қола медаль алды. Осылайша бұл жолғы құрлық додасын ...

    Read More »

    Қамшыбек Қоңқабаев үздік 40 боксшының қатарынан шығып қалды

    Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежесінің рейтингін жаңартты. Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев үздіктердің тізімінен шығып қалған. Sports.kz-тің хабарлауынша, бірінші ауыр салмақта сынға түсіп жүрген Қамшыбек Қоңқабаев енді үздік 40 боксшының қатарында да жоқ. Өткен айда ол тізімнің 30-сатысында тұрған болатын. Кеңестің мұндай шешімді қабылдауына спортшының кәсіпқой рингте жиі жекпе-жек өткізбеуі себеп болуы мүмкін. ...

    Read More »

    Орталық стадионды Сейілда Байшақовтың атымен атау керек

    Белгілі қаламгер, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткер, спорт журналисі, спорт қайраткері Несіп Жүнісбайұлы Алматыдағы Орталық стадионның жақында мәңгілік мекеніне аттанған Қазақстан футболының аңызы Сейілда Байшақовтың атымен аталуы керек деген ұсыныс айтты. КСРО құрама командасында ойнаған тұңғыш қазақ футболшысы бұл құрметке әбден лайық! Бүгін ардақты Сейілда Байшақовты мәңгілік мекеніне қондырдық. Бізге енді КСРО құрама командасына алынған тұңғыш қазақ футболшысы қазақ футбол ...

    Read More »

    Күрестен АЧ: Қазақстанның әйелдер құрамасы 3 жүлде алды

    Иорданияның астанасы Амман қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатының (U15&U20) алтыншы күні U20 әйелдер күресінен 5 кг салмақ дәрежесінде белдесулер өтіп, ұлттық құрама үш жүлдені жеңіп алды. Негізі бес салмақтың бесеуінде де әйелдер құрамасы қола жүлде үшін белдесуге мүмкіндік алған болатын. Олардың арасынан 50 келідегі Лаура Ғаниқызы түркімен Лачын Аннамурадованы айқын басымдықпен ұтып, алғашқы қола жүлдені жеңіп алса, 55 ...

    Read More »

    Астанада теннистен Президент кубогы үшін халықаралық турнирлер өтеді

    23 шілде мен 6 тамыз аралығында Астанада Президент кубогы Forte Series аясында Beeline arena Ұлттық теннис орталығында ATP Challenger Tour және ITF World Tennis Tour турнирлері өтеді, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Биыл Президент кубогы үшін жарыста ел намысын ерлер арасында Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Денис Евсеев, Григорий Ломакин, Максим Батютенколар қорғайды. Әйелдер арасында Гөзал Айнитдинова, Жібек Құламбаева, Аружан Сағындықова, Сандуғаш ...

    Read More »

    Cу спорты: Эдуард Ким әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

    Жапонияның Фукуока қаласында су спорты түрлерінен әлем чемпионаты болып жатыр. Бүгін Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлады Мəдениет жəне спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Эдуард Ким көркем жүзу бәсекесінің техникалық бағдарламасында қола медаль иеленді. Отандасымыз 216 ұпай жинап, топ жарған испаниялық Диас дель Рио Сол Фернандо (224.5550) мен күміс жүлдегер америкалық Годе Кеннетке есе жіберді. Ерлер арасындағы артистік жүзу ...

    Read More »

    Ұлттық спорт түрлерімен айналысатын азаматтардың саны 35 пайызға артты – Сәрсен Құранбек

    Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек елімізде соңғы 3 жылда ұлттық спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысатын азаматтардың саны 35 пайызға артқанын айтты. Бұл туралы ведомствоның ресми сайты хабаралды. Оның айтуынша, егер 2020 жылы 432 мың адам ұлттық спорт түрлерімен айналысса, 2022 жылдың соңында бұл сан 584 мың адамға жетті. Ең үлкен көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді. Бұл жерде  110 мыңнан астам ...

    Read More »

    Месси мен Бускетс «Интер Майамиге» таныстырылды (ВИДЕО)

    АҚШ-тың Майами штатында аргентиналық шабуылшы Лионель Мессиді «Интер Майами» футбол клубының жаңа ойыншысы ретінде таныстыру рәсімінде дауыл соғып, кешігіп басталды. Sports.es-тің мәліметіне қарағанда, іс-шара қатты дауылдың кесірінен екі сағатқа кешікті. Футболшыны таныстыруға билеттер толықтай сатылғанымен, трибунаның біраз жері бос болды. Өйткені, дауылдың кесірінен көптеген жанкүйер орындарын тастап кетіп қалған болатын. Дегенмен дауыл басылған соң, Мессиді жанкүйерлерге таныстыру рәсімі қалыптасқан дәстүр ...

    Read More »