Бокстан Қазақстан әйелдер командасының өкілі Наталья Богданова Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде қарсыласынан жеңіліп, жарысты бірінші айналымда аяқтады.
Ол жарыстың алғашқы айналымда сербиялық Кристина Кулуховадан жеңілді.
Жекпе-жектің соңында төрешілер сербиялық спортшының қолын көтеріп, жеңісті берді. Богданова Олимпиада квотасын ала алмады.
Бұған дейін Ұлжан Сәрсенбек те жарысты 1/16 финалда аяқтаған болатын.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА