• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Қаймағы бұзылмаған Қосағаш (ФОТО)

    Моңғолияның Ұлан-Батыр, Налайх, Ховда, Баян-Өлгей аймақтарында болған кездесу Алтай Республикасының Қосағаш ауданында жалғасты. Орыс, алтай, қазақ халықтарының татулықты ту еткен мекенінде құрамында «Отандастар» қорының президенті Абзал Сапарбекұлы және Парламент депутаттары Ғалиасқар Сарыбаев пен Болат Керімбек пен бір топ зиялы қауым өкілдері бар ресми делегацияны Қосағаш ауданының әкімі Серікжан Мұратханұлы мен аудан мәслихатының төрағасы Санаш Дидунов шекара шебінен қарсы алып, Алтай ...

    Read More »

    ІВА құрамынан тағы екі мемлекеттің Бокс федерациясы шықты

    Жаңа Зеландия мен Аргентина Халықаралық бокс қауымдастығы (ІВА) құрамынан шығатынын мәлімдеді. Бұған дейін АҚШ пен Швейцарияның ұлттық федерациялары ІВА құрамынан шығатынын мәлімдеген болатын. Енді олардың қатарына Жаңа Зеландия мен Аргентина қосылды. Жаңа Зеландияның бокс федерациясы World Boxing ұйымына мүше болатынын да мәлімдеді. Бұл ұйым биыл Халықаралық бокс қауымдастығына балама ретінде құрылды. Маусым айында Халықаралық олимпиялық комитет басқарушылық, қаржы және этика ...

    Read More »

    Уимблдон турнирі: Рыбакина жартылай финалға шыға алмады

    Рыбакина Уимблдон турнирінің жартылай финалына шыға алмады. Теннисші ширек финалда әлемнің 6-ракеткасы, тунистік Онс Жабермен кездесіп, алғашқы партияда 7:6 есебімен ұтса, да кейінгі екі сетте 4:6, 1:6 есебімен жеңіліп қалды. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Рыбакина 7 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Енді Онс Жабер финалға шығу үшін әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездеседі. Ол дүниежүзілік рейтингте ...

    Read More »

    Чемпиондар лигасы: «Астана» Тбилисидің «Динамосымен» тең түсті

    Астанада футболдан UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу турнирінде «Астана» өз алаңында Тбилисидің «Динамо» командасымен кездесіп, тең түсті.   Ойынның 11-минутында «Астана»клубының  шабуылшысы Абат Айымбетов қақпаны дәл көздеп, есеп ашты. Одан кейін де жергілікті команда есепті еселеуге тырысты. Екінші таймда Тбилисидің «Динамосы»  құрамындағы Габриел Сигуа таразы басын теңестірді. Бұдан кейін «Астана» екінші голды салуға барынша тырысып еді. Алайда ойын соңына дейін есеп ...

    Read More »

    Астанада тозығы жеткен үйлер бірте-бірте бұзылады – Байқоңыр ауданының әкімі

    Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласын дамыту жөнінде кеңес өткізіп, елорда әкімі Жеңіс Қасымбекке қаланың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға бір жыл уақыт беретінін, осы уақытта Астананы өркендету үшін ең алдымен әкімдік, кәсіпкерлер мен тұрғындар арасында сенімді серіктестік орнатып, әрбір азаматтың тұрмыс деңгейін жақсартуды тапсырған болатын. Осыған байланысты бүгін біз қаланың Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Жаулыбаевпен кездесіп, аудандағы тозығы жеткен жер үйлердің ...

    Read More »

    Qazaq kuresi ассоциациясының жаңа президенті сайланды

    Qazaq kuresi ассоциациясының президенті қызметіне МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов сайланды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. Qazaq kuresi ассоциациясының президенті болып Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов сайланды. Ассоциацияны басқаруға алғаш рет қазақ күресінің маманы келіп отыр. Ербол Мырзабосынов – қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, еңбек сіңірген жаттықтырушы, — ...

    Read More »

    Сейділда Байшақов өмірден өтті

    Бүгін 73 жасына қараған шағында белгілі футболшы Сейділда Байшақов өмірден өтті. Сейділда Икрамұлы 1950 жылы 28 тамызда Тараз қаласында туған. 1968 жылы «Энергетик» клубында ойнады. 1969 жылы Қазақ КСР чемпионатында тұңғыш рет алаңға шықты. 28 сәуірде Павлодардың «Трактор» командасымен матчқа қатысты. 1971 жылы Алматының «Қайрат» клубына ауысты. 27 наурызда Ворошилов қаласының «Заря» клубына қарсы КСРО кубогында тұңғыш рет «қайраттықтардың» қақпасын қорғады. ...

    Read More »

    Қытайда 2025 жылғы Қысқы Азия ойындары өтеді

    Таиландтың Бангкок қаласында өткен Азия Олимпиадалық кеңесінің Бас ассамблеясында құрлықта өтетін бірқатар ірі жарыстар туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, биылғы жылдың қарашасында Таиландтың Бангкок пен Чонбури қалаларында өтетін жабық ғимараттағы және жекпе-жек өнері бойынша VI Азия ойындары 2024 жылдың ақпан-наурыз айларына шегерілді. Қытайдың Харбин қаласы 2025 жылы өтетін IX Қысқы Азия ойындарын өткізетін болып шешілді. 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарын ...

    Read More »

    Тоты Шоқырқызы: «Ата-анамның еңбегін елеп-ескерген елім аман болсын!»

    Бүгін Ақмола облысының Қосшы қаласында қазақ боксының атасы Шоқыр Бөлтекұлы мен оның сүйікті жары – қазақтың тұңғыш балеринасы Нұрсұлу Тапаловаға көше аттары берілді. Осы қуанышты жаңалықты қазақтың атақты ерлі-зайыпты қайраткерлерінің қызы Тоты Шоқырқызы да естіп, қуанып қалды. Қазір ол кісі нағашы әжесінің туыстары тұратын Ресейдің Челябі облысында сапарда жүр екен. -Ресейдегі ұлы нағашыларым өздері шақырған соң, сонда жүрмін. Нағашы әжемнің ...

    Read More »

    Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы берілетін сыйақы көлемі бекітілді

    Мәдениет және спорт министрлігі 3 шілдедегі бұйрығымен спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайын төлем жасау қағидасын бекітті. Енді жақсы нәтиже көрсеткен спортшылар өмір бойы ай сайын мынадай мөлшерде материалдық көмек алады: — Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегерлері, сондай-ақ олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпионы атағын жеңіп алған спортшылар – 100 АЕК (2023 жылы – 345 000 мың теңге); — ...

    Read More »