• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан теннис федерациясы

    Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ширек финалға шықты

    Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Дэвис кубогы Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.

    Қазақстан құрамасы А тобында Өзбекстан құрамасын 3:0, Малайзияны 3:0 есебімен жеңді.

    Алдымен Даниэль Тазабеков 46 минутқа созылған матчта Абибке бірде-бір гейм берген жоқ. Ойын 6:0, 6:0 есебімен аяқталды.

    Заңғар Нұрланұлы Деваштан да 6:1, 6:0 есебімен айласын асырды.

    Жұптық сында Д. Тазабеков пен Дамир Жалғасбай қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырған жоқ. Есеп — 6:0, 6:2.

    Бүгін Сергей Квак жасақтаған жасөсіпірімдер құрамасы Қытай командасымен ойнап, жеңіске жетті.

    Қытайлықтар да ширек финалға мерзімінен бұрын жолдама алған болатын.  Қазақстан А тобынан ширек финалға бірінші орынмен шықты.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *