• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігі

    Иран құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Иран Ислам Республикасының спорт және жастар министрі Киомарз Хашемимен екіжақты келіссөз жүргізді, деп хабарлады ведомство.

    Кездесуде Қазақстан мен Иран арасындағы жас спортшыларды даярлау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

    Былтыр екі елдің министрлері арасында спорт саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Ермек Маржықпаев бұл құжат екі ел арасындағы қарым-қатынасты жандандыруға ықпал ететінін атап өтті.

    Өздеріңіз білетіндей, Иранда күрес түрлері, әсіресе еркін және грек-рим күресі өте жақсы дамыған. Сондықтан сіздерге Қазақстан балуандарымен бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізуді ұсынамыз. Мұндай тәжірибе күрестің дамуына оң әсер ететініне сенімдімін. Қазақстан спортшылары құнды тәжірибе жинаса, жаттықтырушылар ирандық спортшылардың жаттығу жүйесімен таныса алады. Иран спортшылары өздерінің оқу-жаттығу жиындарын Алматыдағы олимпиадалық даярлық орталығының базасында өткізе алады, — деді Ермек Маржықпаев.

    Сонымен қатар ведомство басшысы кездесуде ирандық әріптесін осы жылдың қыркүйек айында Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысуға шақырды.

    Министр Иран құрамасының Көшпенділер ойындарына спорттың алты түрінен қатысатынын айтты.  Олар: алыш, ашыртмалы аба гюреши, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, кураш, қазақ күресі.

    Өз кезегінде Иран тарапы өзара ынтымақтастықты жандандыру үшін Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуды ұйымдастыру бойынша жұмыс тобын құруды ұсынды.

    Кездесуде туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың ведомствоның және өз атынан Иран президенті  Ибрахим Раисидің қазасына байланысты парсы елінің халқына көңіл айтты.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *