• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Алия кубогы: Қазақстан индорхоккейден плей-оффқа шықты

    Индорхоккейден ерлер арасында Талдықорған қаласында өтіп жатқан Азия Кубогының плей-офф кезеңіне жолдама алған командалар анықталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы.

    Қазақстан құрамасы Оманды 4:0, Индонезияны 6:2 жеңіп, Малайзиямен 3:3 есебімен тең түсіп, ширек финалға шықты.

    Енді Қазақстан мен Иран хоккейшілері келесі айналымға өтуге барын салады. Сол секілді жалғыз жолдама үшін Сингапур мен Оман, Индонезия мен Тәжікстан, Таиланд пен Малайзия сынға түседі.

    Биылғы Азия Кубогының финалына шыққан құрамалар келесі жылы өтетін әлем чемпионатына барады.

    Қазақстан командасының құрамы: Ағымтай Дүйсенғазы, Мақсат Жөкенбаев, Жеңіс Бейбітов, Ермек Ташкеев, Ералы Данияр, Алтынбек Айтқалиев, Аман Елубаев, Ерасыл Асхатов (қақпашы), Азат Қуатов, Еркебұлан Дүйсенбеков, Тілек Өзбек, Ленур Вишняков (қақпашы).

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *