• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Жанымда сол жекпе-жек

    Айтжан Шаңғараев Әлем кубогының иегері, Еуропа және КСРО чемпионы, КСРО кубогының иегері Ауыл шетіндегі шағын төбешікке бір топ бала жарыса жүгіріп барады. Мақсат — түйенің өркешіндей шоқиып тұрған төбенің басына бірінші болып жүгіріп шығу. Бұтында шолақ қара шалбар, үстіне ақ көйлек киген шымыр келген қара бала қатарластарын артқа тастап, төбенің басына бірінші болып жүгіріп шықты. Бейне бір тұғырына қонған қыран ...

    Read More »

    Асқар тау алыстаған сайын биіктейді

    Атам Омар Кенжалыұлы туралы бір үзік сыр Бүгін – Ұлы Жеңіске 75 жыл! Иә, біз үшін қан майданда жанын беріп, жаумен соғысқан аталарымыздың жеңісі – Ұлы Жеңіс! Бұл соғысты гитлерлік Германия 1939 жылы Польша территориясынан бастады. Одан әрі ол Кеңес Одағының аумағына ұласты. Мұндай алапат соғыс тарихта бұрын-соңды болмаған екен. Кеңес Одағында 1941 жылы басталған шайқасты Ұлы Отан соғысы десе, ...

    Read More »

    Бесасықтан бас жүлдегер анықталды

    «Бесасықтан» жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы онлайн турнирдің жеңімпазы анықталды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» баспасөз қызметі хабарлады.  Бірінші орынды Silkway халықаралық университеті студенті Айжан Серікова жеңіп алды. Екінші орынға М.Қозыбаев атындағы СҚМУ өкілі Алтынай Совет, үшінші орынға Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік университеті Әйгерім Бақытқызы мен Б.Бейсенов атындағы Қарағанды ІІМ академиясының студенті Ләйла Әубакірова ие ...

    Read More »

    Тоғызқұмалақтан онлайн турнир мәресіне жетті

    Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» мен Тоғызқұмалақ спорты федерациясының ұйымдастырумен мектеп оқушылары арасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған турнирдің жеңімпаздары анықталды. Турнир 2-3 мамырда  iggamecentre.com сайтында онлайн турнирі өтті. Бұл туралы министрліктің аталған орталығының баспасөз қызметі хабарлады. Оған еліміздегі  3 қала мен 14 облыстан 68 оқушы, соның ішінде 1 спорт шебері, 24 спорт шеберіне үміткер ...

    Read More »

    Оқушылар арасында тоғызқұмалақтан онлайн турнир өтеді

    Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен 2-3 мамырда мектеп оқушылары арасында Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай тоғызқұмалақтан онлайн турнир өтеді, деп хабарлады аталған ведомстоның орталығы. Жарысқа Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен  облыстардан  68 оқушы қатысуға өтінім берген. Олардың ішінде 1 спорт шебері, 26 спорт шеберіне үміткер бар. Қалғандары — 1 дәрежелі спортшылар.  

    Read More »

    Ала тақтаның жеңімпаздары анықталады

    Білім және ғылым министрлігі  «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен Team Kazakhstan командасының техникалық қолдауымен жоғары оқу орындарының студенттері арасында Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған шахматтан онлайн турнир https://www.chess.com//club/jastalap сайтында өткізілді, деп хабарлады аталған ведомство орталығының баспасөз қызметі. Сайысқа қатысу үшін 46 білім ордасынан 180 өтінім келіп түсті, 127 студент қатысты. Жеңімпаздар осы аптада белгілі болады.  

    Read More »

    Онлайн турнирлер таптырмас алаңға айналды

    Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» мен Тоғызқұмалақ спорты федерациясы бірлесіп,  жоғары оқу орындарының студенттері арасында  тоғызқұмалақтан онлайн турнир өткізді.  Оған 89 студент қатысты.  Сайыс Iggamecenter.com  платформасында өтті. Бұл туралы министрліктің аталған орталығы хабарлады. Турнирде ұлдар арасында бірінші орынды Ринат Керейбаев (Павлодар МПУ) жеңіп алды. Екінші орынды М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-ның студенті  Абылайхан Сүлеймен иеленсе, үшінші орынды Азамат ...

    Read More »

    Бес асықтан жарыс басталады

    2-3 мамыр күндері Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» мен Асық ату федерациясының бірігіп ұйымдастырумен бес асықтан жоғары оқу орындарының студенттері арасында онлайн турнир өтеді.   Бұл туралы министрліктің аталған орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

    Read More »

    Көзден кетсе де, көңілден кетпейді

    Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы Әбдісағит Тәтіғұлов жөнінде Бұл азамат жөнінде кезінде республика баспасөз беттерінде аз жазылған жоқ. Өйткені, оның қазақ сәулет өнерінде, құрылыс саласында, ғылымында алар орны ерекше-тін. Атақты сәулетші сұлу шаһар Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйінің жобасы үшін бір топ авторлармен бірге Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығын алды. Иә, Әбдісағит Тәтіғұловтың сызған негізгі жобасы бойынша көркем де сұлу Алматы шаһарындағы тұрғызылған көп ...

    Read More »

    Қашықтықтан оқыту жүйесіне дайынбыз ба?

    Соңғы кезде әлеуметтік желіде ғана емес, қоғамда қызу талқыға түскен қашықтықтан оқыту жүйесі бүгінде басты проблемаға айналып отыр.  Мектеп оқушылары мен студенттер білімдерін үйде, оқытушылар бір сәт тележүргізуші қызметіне ауысып арналардан бейнесабақ бере бастады. Иә, бір жағынан дамыған 30 елдің қатарына қосылуға талпынып келе жатқан біздің мемлекет үшін керек-ақ дүние, алайда оқушылар да, оқытушылар да бұл жүйеге дайын еместігін көрсетті. ...

    Read More »