Ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай жеткен дәстүрлі өнеріміз қазақ күресінен кезекті турнир мәресіне жетті. Бұл жолы ұлттық күресімізді дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған турнирде мешіт қызметкерлері мен жамағаты қатысты. Ол биыл Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы мен «Ұлттық мұра» бағдарламасының мұрындық болуымен төртінші рет өтті. Осыған дейінгі жарыстарда мешітке келуші жамағат қана өзара белдессе, бұл жолы мешіт қызметкерлері арасындағы балуандар да өзара сайысқа түсті. ...
Read More »Author Archives: admin
Конькиші Алина Дауранова алтын медаль алды
Конькимен жүгіру спортынан Қазақстан командасының өкілі Алина Дауранова Финляндиядағы әлем Кубогының жасөспірімдер кезеңінің жеңімпазы атанды. Ол 1000 метр қашықтықта үздік атанды. Дауранова 1:22.107 нәтижесімен жеңіске жетті. Екінші мәреде поляк Виктория Дабровска болды. Итальяндық Серена Пергер үздік үштікті аяқтады. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Түркістанда Азияның түйе балуаны анықталды
Түркістан қаласындағы қазақ күресінен ересектер арасында Қажымұқан Мұңайтпасовтың жүлдесіне арналған Азия кубогы аяқталды. «Түйе балуан» атанған Батыс Қазақстан облысының өкілі Темірлан Көлбай бас жүлдеге ие болып, «Нива» автокөлігін жеңіп алды. Екі күнге созылған дүбірлі додада отандастарымыз өз мықтылықтарын көрсетіп, Азия құрлығы бойынша теңдессіз екендігін көрсетті. Кезінде халқымыздың атақ-даңқын күрес арқылы бүкіл әлемге танытқан Қажымұқан Мұңайтпасов та талай жеңістің шыңына жетті. ...
Read More »Дұрыс қанаттанған түзу ұшады
Спорт – денсаулық кепілі десек, дене шынықтырумен белсене айналысқан жанға ешқандай дерт тұзағын сала алмайды. Заманның ағымына қарай ағыспен арпалыса еңбек етіп жатқан спорт мектептерінің игілікті істері ешқашан елеусіз қалмайтыны бір анық. Айталық, бүгінде Кәркен Ахметов атындағы Олипиадалық резервінің арнайы республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі елдегі ілгері оқу жəне спорт ордасының бірі болып саналады. Бұл мектепте тəлім алып жатқан дарынды жасөспрімдер ...
Read More »Қазақстанның биылғы маусымдағы үздік жас ойыншысы анықталды
Футболдан 2022 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Қазақстанның ең үздік жас ойыншысы анықталды. 2021 жылдан бастап ҚКФЛ-дың мұрындық болуымен жылдың үздік ойыншысына Қазақстан футболының ардагері Анатолий Ионкиннің жүлдесі табыс етіледі. ҚКФЛ баспасөз қызметі хабарлағандай, дауыс беру қорытындысы бойынша үздік ойыншы номинациясын «Ақтөбе» мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Максим Самородов жеңіп алды. 20 жастағы футболшы биылғы маусымда чемпионатта 22 матчта 3 гол ...
Read More »Астанада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Астанада ауыр атлетикадан Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы жеке-командалық чемпионаты басталды. Ел чемпионатына 19 облыстан және Астана мен Алматы қаласынан 180-нен астам спортшы қатысады. Жарыс 29 қарашада бітеді. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Нокаутқа түскен әлемнің экс-чемпионы көз жұмды
Әлемнің экс-чемпионы мексикалық Мойзес Фуэнтес 37 жасында қайтыс болды. Бұл қайғылы жаңалықты Бүкіләлемдік бокс кеңесінің президенті (WBC) Маурисио Сулейман әлеуметтік желіде хабарлады. Мойзес Фуэнтес өмірден өтті. Ол соңғы демі қалғанша айқасатын нағыз батыр еді. Оның отбасы мен достарына қайғырып көңіл айтамыз, — деп жазды ол Twitter-де. Фуэнтес жеңіл салмақта 25 жекпе-жек өткізіп, 14 кездесуді нокаутпен жеңген еді. Ол 2011 жылы ...
Read More »ӘЧ-2022: Роналду рекорд жаңартты
Футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду кезекті рет рекорд жаңартты. Ол бес рет әлем чемпионатына қатысып, бесеуінде де гол салған тұңғыш ойыншы атанды. Биылғы додада ол Португалия мен Гана матчында 65-минутта 11 метрлік айып добынан қақпаны дәл көздеді. Осы кездесуде футболшы матчтың үздік ойыншысы атанып, ұлттық құрамасы сапындағы 112-голын салды. Бұған дейін шабуылшы 2006, 2010, ...
Read More »Чемпиондар лигасы: «Қайрат» чехиялық клубтан жеңіліп қалды
Футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық айналымында Алматының «Қайрат» клубы Чехияның «Хрудим» командасымен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Кездесуде Алматының команда бірінші таймда есеп ашуға тырысты. Дегенмен гол сала алған жоқ. Екінші таймда да шабуылға жиі шығып, гол сала алмады. Керісінше, бұл жолы чехиялық клубтың жолы болып, қарсыластардың қақпасына бірінгі болып доп соқты. Ойынның 22-минутында Марко Радованович есеп ашты. Одан кейін 24-минутта ...
Read More »ӘЧ-2022: Бразилиялық футболшы супер гол салды
Бүгін футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында бразиялық футболшы Ришарлисон дубльдің авторы атанды. Ол Сербия құрамасының қақпасына екінші голын аяқтарын қайшылап тұрып салды. Бұл кездесуде Бразилия құрамасы G тобындағы қарсыласы Сербия командасын 2:0 есебімен жеңді. Бразилия бірінші таймда есеп аша алмады. Оған мүмкіндігі бола қойған жоқ. Ал сербтер шабуылға көп бармай, қорғаныста ойнады. Үзілістен кейін Бразилия құрамасы жиі шабуылдап, қарсыластардың ...
Read More »