• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    IBA бірнеше елдің бокс федерациясын шеттетті

    Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) жеті елдің бокс федерациясын шеттетті.

    Қауымдастықтың мәліметіне қарағанда, Жаңа Зеландия, Германия, Швеция мен Нидерланды басқа бокс ұйымының мүшесі болуына байланысты, ал Чехия, Либерия және Экваторлық Гвинея елдерінің федерациялары IBA-ға жылдық есептерді беру кезінде жіберген қателерге байланысты IBA-ның мүшесі болып саналмайды.

    Жақында Халықаралық бокс қауымдастығы Өзбекстанның Ташкент қаласында ересектер арасында әлем чемпионатын өткізген болатын. Осы додаға 107 мемлекеттен 538 боксшы қатысты. Олар 13 салмақ бойынша күш сынасты.

    Биылғы әлемдік жарыстың көніне екі еселенген мөлшерде сыйақы қойылды. Ол 5,2 млн АҚШ доллары сомасы болды. Чемпионатта алтын жүлдегерлер 200 мың доллар алса, күміс медаль иегеріне 100 мың доллар, қола жүлдегерге 50 мың доллар мөлшерінде қаржы тапсырылды. Бұған дейін әлем чемпионатының осыншама көлемдегі сыйақысы болған емес. 2021 жылы Сербияның астанасы – Белградта өткен әлемдік дода ол 2,6 млн АҚШ доллары болған еді. Сол кезде алтын жүлденің иесіне 100 мың, күміс медалиске 50 мың, ал қола жүлдегерге 25 мың доллары тапсырылған.

    Енді келесі әлем чемпионатының жүлде қоры 10 млн АҚШ доллары болады деген дерек бар. Ал биылғы жарыста Қазақстан 4 алтын, бір күміс медаль иеленді. Алтын жүлдені Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асыланбек Шымбергенов пен Нұрбек Оралбай алса, Дулат Бекбауов күміс медалист болды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *