• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Ол мені алдап кетті»: ресейлік боксшы Нұрбек Оралбайдан жеңілгенін мойындамады (ВИДЕО)

    Ресейлік боксшы Имам Хатаев Russian today ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Ташкентте бокстан ересектер арасында өткен әлем чемпионатында Нұрбек Оралбайдан жеңілгенін мойныдамайтынын айтты.

    Еске сала кетсек, қазақ боксшысы 80 келі салмақта ресейлік спортшыны жартылай финалда жеңіп, финалға шыққан болатын.

    – Қола медаль да үлкен жетістік қой. Алайда сіз бір сөзіңізде әлем чемпиоантына алтын жүлде алу үшін барғаныңызды айтып қалдыңыз. Әлемдік додадағы нәтижеге көңіліңіз тола ма?

    – Иә, мен алтын жүлде үшін бардым. Бұл менің қолымнан келетініне сенген едім. Бірақ бәрі мен ойлағандай болмады. Нұрбек Оралбаймен жекпе-жектің шешімімен келіспеймін. Төрешілер дұрыс істемеді. Бірінші раундта оған бес төрешінің төртеуі жеңісті берді. Ал екінші раундты толықтай қазақстандық боксшыға бере салды. Бейнетаспада бәрі көрініп тұр.

    – Енді сізге не ұнамайды сонда?

    – Мені бокстың қазіргі жағдайы алаңдатады. Адамдар айқасуға емес, қашып жүріп ұтуға тырысады. Қазіргі қолғаппен де нокаутқа түсіру мүмкін емес. Олар тым жұмсақ. Бұлай жалғаса берсе, Олимпиададағы жекпе-жектер де ешкімге қызық болмайды.

    – Сонда нені өзгерту керек?

    – Бұрынғы қолғаптарды қайтару керек. Қазіргілермен нокаутқа түсіре алмайсың. Жекпе-жекте боксшының ширақ қимылын, дәл соққыларын санау керек. Ал боксшы қашып жүре берсе, онда бокстың болашақта не болатынын білмеймін.

    – Оралбаймен жекпе-жек Олимпиададағы Бенджамин Уиттакермен жекпе-жекке ұқсайды екен. Сіз бұл жолы да бірінші нөмірде жұдырықтастыңыз. Ал Оралбай болса, ашық айқастан қашты. Шынымен солай болды ма?

    – Оралбай ғана емес, Кристиан Пиньялес те солай жұдырықтасты. Ол тактиканы Уиттакерден алған. Менімен ашық айқасудан қашу үшін бәрін істеді. Оларды түсінемін. Бірақ төрешілер мұндайды қалайша қолдайтыны ойыма қонбайды.

    – Кіммен жекпе-жек қиындау болды? Оралбаймен бе, әлде Уиттакермен бе?

    – Егер олардың бірі менімен ринг ортасында тұрып, соққы алмасқанда кімнің соңынан жүгіретінімді білмей қалатын едім.

    – Кімнің артынан жүгіретін едіңіз?

    – Айту қиын. Екеуін де қуалап жүру оңай болмады.

    – Оралбаймен екінші нөмірде бокстаспадыңыз ба?

    – Олай да істеуге болатын еді. Бірақ ол ашық шабуылға шықпады. Сол себепті мен бірінші нөмірде бокстасуға тырыстым. Мен онымен бұған дейін де қолғап түйістірген едім. Ол – шабуылдың адамы. Шабуылды жақсы көреді. Мен осы жолы да солай болады деп ойлап едім. Қателескен екенмін. Оның шабуылға шықпай, аңдып жүргеніне таңқалдым. Тактикасы кәдімгідей тосын сый болды. Ол екі раундта жеңгеннен кейін үшіншісінде оны өзіме тартып бокстасуға кеш болғанын түсіндім. Қысқасы, тактикасына таңқалдым. Ол мені алдап кетті.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *