• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Теннистен Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

    Лондонда Билли Джин Кинг кубогыгың (командалық әлем чемпионаты) финалдық кезеңінің жеребесі тартылды.

    Қазақстандық әйелдер құрамасы В тобында Билли Джин Кинг кубогын жеті рет жеңіп алған Австралиямен және Словениямен ойнайды.

    Топтан бірінші орын алған команда ғана жарысты жалғастырып, жартылай финалға жолдама алады.

    Қазақстан әйелдер құрамасы сәуір айында іріктеу сатысында Польшаны жеңіп, өз тарихында екінші рет әлем чемпионатына жолдама алған болатын.

    Испанияның Севилья қаласында 7-12 қарашада өтетін финалдық додада 12 команда бақ сынайды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *