Бокстан әлем чемпионатында Қытай намысын қорғап, күміс медаль жеңіп алған этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатхан туған қаласына оралды, деп хабарлады meta-ratings.kz.
Былғары қолғап шеберін туған жерінде жақындары мен жанкүйерлері күтіп алған. Сонымен қатар жергілікті әкімдік Тоқтарбекке 200 мың юань (жобамен 12 млн теңге) сыйақы табыс еткен.
Айта кетейік, Тоқтарбек Таңатхан Ташкентте өткен әлем чемпионатында 80 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, финалға дейін жеткен болатын. Ол ақтық мәреде Қазақстан құрамасының өкілі Нұрбек Оралбайдан ұтылып, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Еркеғали БЕЙСЕНОВ,
АСТАНА