• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Қазақ палуандары Польшадан жүлдемен оралды

    Польшаның Олесница қаласында дзюдо күресінен  өткен Еуропа кубогы үшін жарыста Қазақстанның намысын қорғаған  11 палуанның арасынан К.Ахметов атындағы мектеп-интернаттың төрт бірдей өрені жеңіс биігіне шығып, Қазақстанның командалық бірінші орынды жеңіп алуына зор үлестерін қосты. Енді жеңіс тұғырына көтерілген саңлақтарымыздың есімдерімен таныстырсақ. Қос бірдей алтын жүлдені ел қоржынына салып берген  60 кг салмақта Біләл Болат мен 90 кг ауыр салмақта күрескен ...

    Read More »

    Астанада шаршы алаңға шойын жұдырықты жігіттер шығады

    Бүгін Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан» корпорациясының ұйымдастыруымен «Astana arlans» кубогының көрсетіліміне байланысты брифинг өтті. Оған «Qazsport»  телеарнасының директоры Павел Цыбулин, бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев пен Олимпиаданың қола жүлдегері Қанат Ислам қатысты. Жиында «Qazsport» телеарнасының басшысы спорт арнасының  отандастарымызды үнемі  қолдап келетінін,  Геннадий Головкин, Қанат Ислам, Фируза Шарипова, Бейбіт Шүменов пен басқа да мықты боксшыларымыздың жекпе-жектерін, сондай-ақ, еліміздегі жарыстар ...

    Read More »

    Академияның шәкірттері үлкен жеңістерден үмітті

    Алматы облысының Текелі қаласында самбо күресінен КСРО спорт шебері Қайрат Мейренбаевты еске алуға арналған 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында ел чемпионаты өтті, деп хабарлады Семей спорт академиясының баспасөз қызметі.        Еліміздің барлық өңірінен 350-ге жуық білектілер мен бұрымдылардың басын қосқан бұл жарыста Семей спорт академиясының шәкірттері жақсы нәтиже көрсетті. Біздің балғын балуандар Текелі төріне төселген боз ...

    Read More »

    Көкбастауда көкке қырандар самғады

    Көкбастау ипподромында «Саятшылық» ұлттық спорт түрлерінен «Сонар – 2018» халықаралық жарысы өтті. Бірнеше облыстан бүркіт, қаршыға, ителгілерін ала келген құсбегілер құс салудан бәсекеге түсті. Жарысқа Италия, Испания, Венгрия, Ресей, Моңғолиядан да осы өнерге ден қойғандар қатысты. Бұл дәстүрлі жарыс түрі негізінен Еңбекшіқазақ ауданында өтіп келсе, биыл ақындар мен батырлар елінде ұйымдастырылды. «Қансонарда бүркітші шығады аңға, тастан түлкі табылар аңдығанға», деп ...

    Read More »

    Ғылым мен спортты қатар алып жүрген азамат

    Белгілі педагог-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы Бауыржан Сәбитұлы Иманғалиев Педагогика ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды. Бұл ғылыми атақ академияның жалпы жиналысында көпшілік дауысқа салу арқылы берілді. Айта кетерлігі, мұндай атақ ғылым кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесі бар білім, ғылым, мәдениет саласының көрнекті өкілдеріне ғана беріледі. Бауыржан Сәбитұлына мүшелік диплом ...

    Read More »

    Астанада спорт журналистерінің басшысы сайланады

    Астана қаласында 8 желтоқсан күні Қазақстан спорт баспасөзі қауымдастығының кезектен тыс конференциясы өтеді. Жиында ұйымның басшысы сайланып, жаңа құрамы өзгертіліп, алдағы мақсат-міндеттер мен жоспарлар талқыланады. Конференция Мәскеу көшесі, 33 А мекен-жайында орналасқан Qazsport телеарнасының ғимаратында болады. Дастан КЕНЖАЛИН

    Read More »

    Қазақ таэквондошылары алты жүлде алды

    29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында Беларусьтің астанасы Минск қаласында таэквондоның ITF тұжырымы бойынша өткен Әлем Кубогына Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Семей спорт академиясының шәкірттері де қатысты. Осы жарыста туль дан семейлік қос мықты Дамир Советхан Әлем Кубогында 2 алтын, Аңсар Төкенов 1 алтын жүлдені қоржынға салды. Ал 14 – 15 жас аралығында сынға түскен Темірлан Қадыржанов 60 кило салмақта ...

    Read More »

    Ардагер палуан Қазақстан чемпионы атанды

    Талдықорған қаласында Спорт ардагерлері арасында қазақ күресінен өткен «Арландар айқасы» Қазақстан чемпионатында Батыс Қазақстан облысы Қазақ күресі федерациясының  президенті Қаймен Есендияров алтын жүлдені жеңіп алды. Қаймен Есенаманұлы – күрестің бірнеше түрінен спорт шебері. Қазір ол жасы 50-ден асса да бозкілемнен шықпай, жыл сайын халықаралық, республикалық жарыстарға қатысуды әдетке айналдырған. Осы белдесулерде Қайекең үнемі құрмет тұғырының ең биік сатысынан көрініп, жастарға ...

    Read More »

    Сағадат батыр сайысында сайыпқырандар сынға түсті

    Алматы облысы, Іле ауданының орталығы Өтеген батыр кентінде джиу-джитсудан турнир өтті. Жыл сайын қоңыр күзде  ұйымдастырылатын додаға биыл Қырғызстанның Ош облысынан және Бішкек қаласынан да спортшылар келіп бақтарын сынады. Бұдан бөлек  «International Sagadat batyr jiu-jitsu kids cup-2018» турниріне еліміздің әр облысынан және Алматы, Талдықорған қаласынан да командалар қатысты. Халық қаһарманы, Армия генералы Сағадат Нұрмағанбетовтың есімімен аталатын  «Sagadat batyr» клубының басшысы, ...

    Read More »

    Жылысай жарысы жыл сайын жалғасады

    Салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спортты насихаттау мақсатында ұйымдастырылып келе жатқан Жылысай жарысы мәресіне жетті. Бұл жолы дәстүрлі турнирді 1977 жылы туған азаматтар ұйымдастырды. Тартысты өткен сайыста бірінші орынды Балғабаевтар, екінші орынды Досымбаевтар, үшінші орынды «Жылысай жастары» командасы еншіледі. Топтық кезеңнен өтіп, жартылай финалға жетіп тоқтаған 1974 жылғы азаматтардан жасақталған командаға да қаржылай сыйлық табыс етілді. Үздік қорғаушы, үздік шабуылшы ...

    Read More »