• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Азия чемпионатының соңғы күні 4 қазақ балуаны финалға шықты

    Бүгін Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрестен ұлттық құраманың төрт балуаны финалға шықты.

    Атап айтқанда, Дархан Есенғали (74 кг), Азамат Дәулетбеков (86 кг), Ризабек Айтмұхан (92 кг) мен Жүсіп Батырмұрзаев (125 кг) қарсыластарын жеңіп, финалға жолдама алды. Ал Нұрболат Әбдуалиев (61 кг) жұбаныш белдесуіне қатысады.

    Ол жеңіп жатқан жағдайда қола жүлде үшін күреседі.

    Кеше еркін күрестен ұлттық құрама 2 алтын, 1 қола жүлдені жеңіп алған болатын.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *