• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Маңдайымызға сыймай кеткен тау тұлға

    Бүгін қазақ халқының дара тұлғасы, елдегі таеквондо спортының негізін қалаған, халықаралық деңгейдегі таеквондо шебері, спорттың осы түрінен 7-дан қара белбеу иегері Мұстафа Өзтүрік көзі тірі болғанда 70 жасқа толар еді. Әйгілі әлем таныған таеквондо шебері елім деп сонау 1992 жылы туған жеріне табаны тиіп, сағынышын баса алмай келгені әлі есімізде. Анадан артық туған қазақтың Мұстафасы бұған дейін әлем ареналарында өнер ...

    Read More »

    Олимпиадаға Армия орталық спорт клубынан 9 спортшы барады (ФОТО)

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубы спорт комитетінің өкілдерін Отан қорғаушылар күнімен құттықтады, деп хабарлады ТСМ-нің Баспасөз қызметі. Салтанатты іс-шараға Қорғаныс министрлігінің өкілдері, АОСК СК басшылығы, бокстан Олимпиялық ойындардың қола жүлдегері Сәкен Бибосынов, қазақ күресінен «Әскер барысы» Ерасыл Қажыбаев, «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Ғалымжан Қырықбай қатысты. Министр Армия орталық спорт клубы әскери жұмыс пен ...

    Read More »

    Елдос Сметов — Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері! (ВИДЕО)

    Дзюдодан Астана өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Елдос Сметов қола жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Қазақстан дзюдо федерациясы. Шешуші белдесуді отандасымыз Әзербайжан спортшысы Ахмад Юсифовті жеңді. Енді Елдос Сметовқа үшінші орын үшін әлемдік рейтингте 500 ұпай қосылады. Бүгін Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі басталған болатын. Ол Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ...

    Read More »

    Ғалия Тыңбаева — Qazaqstan Barysy Grand Slam жеңімпазы! (ВИДЕО)

    Астанада дзюдодан өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде Ғалия Тыңбаева жеңімпаз атанды. Ол финалда Grand Prix чемпионы Сабина Гилиазованы (AIN) иппон ұпаймен жеңіп, ел қоржынына алғашқы алтын жүлдені әкелді. Бұл — Ғалия Тыңбаеваның әлемдік Grand Slam турниріндегі алғашқы алтын медалі, деп хабарлады Қазақстан дзюдо федерациясы. Дзюдошы жартылай финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы, Grand Slam жарыстарының жеңімпазы франциялық ...

    Read More »

    Махмұд Сабырхан: «Егер төбелесу керек болса, оған да дайынмын» (ВИДЕО)

    Астанада бокстан 13-18 мамыр аралығында өтетін «Елорда кубогы» турниріне қатысатын ұлттық құрама команданың тізімі жарияланды. Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжановтың айтуынша, турнирге ұлттық құраманың бірінші, екінші және үшінші нөмірлі спортшылары қатысады. Олардың арасында Олимпиадаға лицензия алған Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (81 кг), Айбек Оралбай (92 кг) пен Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) бар. ...

    Read More »

    Qazaqstan Barysy Grand Slam: Ғалия Тыңбаева алғаш рет финалға шықты

    Дзюдодан Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің бірінші күнінде Ғалия Тыңбаева (-48кг) финалға шықты. Ол жартылай финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы, Grand Slam жарыстарының жеңімпазы франциялық Ширин Боуклиді жеңді, деп хабарлады Қазақстан дзюдо федерациясы. Ғалия Тыңбаева жарыс үздігі ретінде әлемдік доданы екінші айналымнан бастады. Ол өз тобында Тунис, Қытайдың Тайпей мен Түркия елдерінің спортшыларынан айласын асырды. ...

    Read More »

    Олимпиада жолдамасы үшін Қайпанов пен Шалыгина үшінші рет таласады

    9-12 мамыр аралығында Түркияның Ыстанбұл қаласында күрестен әлемдік лицензиялық турнирдің соңғы жолдамасы үлестіріледі. Күрестің үш түрінен 54 лицензия бәске тігіледі. Әр салмақта 1, 2 және 3-орын алған спортшылар Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болып, ХХХІІІ жазғы Олимпиялық ойындарға қатысады. Ыстанбұл боз кілемінде Қазақстаннан 11 балуан лицензияға таласады. Олар мыналар: 9-10 мамыр Грек-рим күресі: 67 кг: Дінмұхаммед Қошқар; 97 кг: Юсуф Мациев. ...

    Read More »

    Қамшыбек Қоңқабаев: «Олимпиадада қателеспеуге тырысамын»

    Астанада бокстан 13-18 мамыр аралығында өтетін «Елорда кубогы» турниріне ұлттық құрама команданың аса ауыр салмақтағы боксшысы, Олимпиада және әлем чемпионатының жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев та қатысады. Қазір ол ұлттық құраманың басқа да боксшыларымен бірге турнирге дайындалып жатыр. Қоңқабаев Олимпиадаға жолдаманы бәрінен бұрын алып қойған. Ол былтыр Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ХІХ жазғы Азия ойындарының финалында өзбекстандық Баходир Жалоловтан жеңілсе де Олипиадаға ...

    Read More »

    Команда Олимпиадаға жақсы дайындалып жатыр – Мырзағали Айтжанов (ВИДЕО)

    Бокстан Қазақстан құрамасы 13-18 мамыр аралығында Астанада өтетін «Елорда кубогі» турнирі қарсаңында БАҚ өкілдеріне арнап ашық жаттығу жиынын өткізді. Жиынға ұлттық құраманың бірінші нөмірлі спортшыларының бәрі қатысып жатыр. Ұлттық құрама команданың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов БАҚ өкілдеріне Олимпиадаға дайындықтың қалай өтіп жатқанын айтты. Оның айтуынша, команданың «Елорда кубогі» турнирі мен Олимпиадаға дайындығы жақсы. «Елорда кубогы» — елімізде өтетін ең ірі халықаралық ...

    Read More »

    Астанада бокстан «Елорда кубогы» турнирі басталады (ВИДЕО)

    13-18 мамыр аралығында Астанада бокстан «Елорда кубогы» турнирі болады. Оған қатысатын боксшылар анықталды, деп хабарлады Olympic.kz. Турнирге ұлттық құраманың бірінші, екінші және үшінші нөмірлі спортшылары қатысады. Олардың арасында Олимпиада жолдамасының иегерлері Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (81 кг), Айбек Оралбай (92 кг) мен Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) бар. Сондай-ақ, жарыста әлем ...

    Read More »