• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Алматыда инновациялық сауда желісі іске қосылды

    Алматыда CU инновациялық ритейл-желісінің күнделікті сұранысқа ие өнімдерге арналған Қазақстандағы алғашқы дүкені ашылды.  2030 жылға дейінгі ауқымды жоба қала экономикасына 50 млрд теңгеге дейін қаражат тартып, қазіргі заманғы қаланың мәртебесіне сәйкес келетін 500 сауда нүктесін құрады. Жобаны ұйымдастырушылар саланы сауықтыру және қала тұрғындарының сапалы қызмет пен өнімдерге деген сұранысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қарастыруды көздеп отыр. «Үй жанындағы дүкен» ...

    Read More »

    Рыбакина WTA 1000 турниріне қатысады

    6-17 наурызда АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтетін турнирдің жеребесі тартылды. Индиан-Уэллс WTA 1000 жарысын Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина екінші айналымнан бастап, рейтингіде 73-орындағы испаниялық Паула Бадосамен немесе америкалық Эшлин Крюгермен (№ 71) кездеседі. Бұл екі теннисші де турнирге арнайы шақырту алған. Тағы бір теннисшіміз Юлия Путинцева алғашқы айналымда әлемнің 76-ракеткасы, германиялық Тамара Корпачпен ойнайды. Қазір Путинцева ГФР спортшысынан үш ...

    Read More »

    Су спортынан АЧ: Қазақстан көркем жүзуден күміс жүлде алды

    Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спортынан өтіп жатқан Азия чемпионатында Ханчжоудағы Азия ойындарының қола жүлдегерлері — Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина (15-19 жас тобы) жұптық сайыстың еркін бағдарламасында күміс жүлдені иеленді. Бірінші орынды 347.4859 балл алған Өзбекстанның спортшылары Зиёдахон Тошхуджаева мен Анна Ващенко алды. Ал Қазақстаның дуэі 340.1650 ұпай жинады. Үшінші орынға Гонконгтың өкілдері Вонг Винг Ка мен Ву КуЛок ие болды. ...

    Read More »

    Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасының Грекиямен матчқа нақты тізімі жарияланды

    Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев наурызда өтетін Ұлттар лигасы плей-офф кезеңінің жартылай финалында Грекиямен матчқа шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Тізімге 26 футболшы енді.  Ұлттық құрамаға тағы бір ойыншы қосылады. Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат») Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Роман Асранкулов, Руслан Валиуллин, Еркін Тапалов (бәрі ...

    Read More »

    Лицензиялық турнир: Қазақстан құрамындағы жаңа боксшы жеңіске жетті (ВИДЕО)

    Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирдің үшінші жарыс күнінде ұлттық құрама сапындағы үш спортшы шаршы алаңға шығып, бәрі жеңіске жетті. Алдымен әйелдер арасында 60 келідегі Римма Волосенко екінші жекпе-жегінде Мажарстанның  22 жастағы Петра Сзабоны айқын басымдылықпен жеңген соң, рингке Астана уақытымен кешкі сағат 22:00-де әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов көтерілді. Ол кешкі сессияда 71 келі салмақта фин Сэм Мороватимен ...

    Read More »

    Cу спортынан АЧ: Қазақстан көркем жүзуден тағы чемпион атанды

    Филлиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спортынан өтіп жатқан Азия чемпионатында көркем жүзу жарысында Даяна Джаманчалова мен София Ищенко жұбы (13-15 жас тобы) еркін бағдарламада алтын медальді жеңіп алды. Екеуі 233.5413 ұпай жинап, қарсылас шақ келтірмей жеңімпаз атанды.

    Read More »

    Су спортынан АЧ: Қазақстан көркем жүзуден екі алтын медаль алды

    Филиппиннің Нью-Кларк-Сити қаласында су спортынан өтіп жатқан Азия чемпионатында көркем жүзу жарысының 13-15 жас және 15-19 жас аралығындағы еркін бағдарлама сайысында Даяна Жаманшалова мен Карина Магрупова үздік нәтиже көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. Даяна Жаманшалова 233.5386 ұпай жинаса, Карина Магрупова  404.0525 ұпай иеленді. Су добынан Қазақстан жастар құрамасы топтық кезеңнің екінші ойынында Сингапур командасымен кездесіп, 16:9 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан ...

    Read More »

    Мемлекет басшысы Aiqyn мен «Литер» газеттерін 20 жылдық мерейтойымен құттықтады 

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Aiqyn мен «Литер» газеттерін 20 жылдық мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы-президенттің кеңесшісі Берік Уәли хабарлады. Отандық ақпарат кеңістігінде ойып тұрып орын алған, бүгінде қазақстандық журналистиканың шеберлік мектептеріне айналған, егіз қозыдай Aiqyn мен «Литер» газеттерінің оқырманмен қауышқанына 20 жыл толыпты. Қос басылым осы уақыт аралығында замананың үніне, қоғамның айнасына айналды. Тақырыпты тарқатып жазар талдауларымен, ...

    Read More »

    Бокстан әлем чемпиондары лицензиялық турнирді жеңіспен бастады

    Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан өтіп жатқан лицензиялық турнирде Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан мен Нұрбай Оралбай алғашқы жекпе-жектерін өткізіп, жеңіске жетті. 51 келіде сынға түскен әлем чемпионы Сәкен Бибосынов бірінші жекпе-жегінде Гонконг спортшысы Каннет Там Чунды уақытынан бұрын жеңді. Енді Сәкен Бибосынов келесі айналымда Кенияның өкілі Дэвид Каранча Мачариамен қолғап түйістіреді. Тағы бір әлем чемпионы Махмұд Сабырхан Эфиопия спортшысы Лета Фикеремариам Яадесаны ...

    Read More »

    Қазақ спорт журналистикасының мәуелі бәйтерегі еді

    Қазақ спорт журналистикасының мәуелі бәйтерегі, қазақ спорт комментаторлық қызметінің  іргесін қалаған жанның бірі, өз саласының қамшы салдырмас саңлағы болған, ардақты ағамыз, ой кемел, айтары байтақ жаны жайсаң асыл ұстазым Рабат Жәнібеков бақилық өмірге аттанып кетті. Аяулы ағамның қазақтың комментаторлық мектебінің дамуына қосқан үлесі шексіз еді. Өзінің футбол жүргізіп отырғанда қиыннан қиыстырып қолданатын тапқыр сөздерімен миллиондаған көрермендерін баурап алатын айырықша қасиетін ...

    Read More »