Қазір жеңіл атлетикадан Қазақстан командасы Олимпиялық ойындарға екі жолдама бар. Бұл лицензияны марафоннан Жанна Мамажанова мен 3 000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден іріктеу нормативін орындаған Нора Джеруто алды. Бас жаттықтырушы Дмитрий Карповтың айтуынша, құраманың әлі Олимпиадаға жеті-сегіз жолдама алатын мүмкіндігі бар, деп хабарлады Olympic.kz. 30 сәуірде марафоннан іріктеу кезеңі аяқталып, Жанна Мамажанова Қазақстан рекордын жаңартты. Осыдан кейін ол Олимпиада жолдамасына ...
Read More »Author Archives: admin
Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына шықты
Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Отандасымыз екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 50-орында тұрған нидерландылық Аранча Руспен ойнады. Осыған дейін қарсыластар екі рет кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен еді. Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина 6:3 есебімен басым түсті. Екінші сетте Рус 4:2 есебімен алға шыққанымен, бұдан кейін Қазақстан теннисшісі ойындағы басымдықты толық ...
Read More »Головкин ХОК комиссиясының құрамына кірді
Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық Олимпиада комитеті Olympism 365 комисиясының мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлады Olympic.kz. Бұл туралы ХОК президенті Томас Бах Қазақстан ҰОК-ке ресми хат жазып, хабардар етті. Сізді комиссия мүшесі етіп тағайындау мен үшін үлкен мәртебе. Сізге комиссия жұмысына қосатын үлкен үлесіңіз үшін алдын ала алғыс білдіремін, – делінген хатта. Комиссияларды ХОК президенті Томас Бах жасақтайды. ...
Read More »Олимпиадада күрестен алғаш рет еліміздің атынан екі төреші қызмет етеді
Бүкіләлемдік күрес одағы Олимпиадаға 50 төрешіні таңдады. Соның ішінде дүниежүзінің кұрес түрлерінен өтетін жарыстарда көпшілікке жақсы таныс екі төрешіміз бар. Олар: Ерік Жұмабеков пен Игорь Лигай. Игорь Лигай осыдан үш жыл бұрын Токиода өткен Олимпиялық ойындарда төреші ретінде қызмет атқарған. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Триатлоншы Екатерина Шабалина Олимпиаданың лицензиясын алды
Бүгін триатлоннан ұлттық құрама қоржынына Париж Олимпиадасының жолдамасы түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Халықаралық триатлон федерациясы ресми түрде Азия құрлығында қалған жалғыз квотаны Екатерина Шабалинаның алғанын растады. Спортшы жолдамаға New Flag санатында ие болды. Мұнда әлем рейтингінде 180-орынға дейін кіретін спортшылардың жинаған ұпайлары бөлек есептеліп, түзіледі. Екатерина Шабалина Гонконг өкілі Бэйли Браунды артта қалдырды. Ерлер ...
Read More »Астанада алғаш рет сурдо футзалдан әлем чемпионаты өтеді
Астанада алғаш рет 21 жасқа дейінгі есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында сурдо футзалдан әлем чемпионаты өтеді. Оған Қазақстан, Бразилия, Украина, Оман, Иран, Әзербайжан, Тәжікстан, Таиланд, Сауд Арабиясы мен Өзбекстан командалары қатысады. Әлемдік доданың ашылу салтанаты мен ұлттық құраманың алғашқы ойыны 1-маусымда «Жекпе-жек» сарайында болады. Чемпионат 10-маусымға дейін жалғасады. Құралай ӘШІМХАНОВА, АСТАНА
Read More »1 маусымда Астанада бұқаралық велошеру өтеді
Астана қаласында 1 маусымда есірткіге қарсы күрес және балаларды қорғау күніне орай бұқаралық велошеру өтеді, деп хабарлады қала әкімдігі. Велосипедшілер Қосшыға қарай жол бойындағы айналма веложолдан 25 шақырым қашықтықта «Жасыл белдеуде», яғни «Үркер» (Ильинка) тұрғын алабының саябағына дейін жүріп өтеді. Велошеруге қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу сағат 07:00-ден 08:00-ға дейін болады. Шеру сағат 08:00-де басталады. Тіркелу тегін. Іс-шара аяқталғаннан кейін мәреде ...
Read More »Challenge Cup: Қазақстан волейболшылары күміс жүлдегер атанды
Филиппиннің астанасы — Манила қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында өтіп жатқан «AVC шақыру кубогы» (Challenge Cup) турнирінде Қазақстан құрамасы финалда Вьетнам құрамасынан жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Бұл матчта есеп 0:3 (20-25, 22-25, 22-25) болды. Қазақстан командасы оыс жарыста қарсыласқа екінші рет жол беріп, Вьетнамның былтырғы чемпион атағын қорғап қалуына кедергі жасай алмады. Қазақстан Challenge Cup турниріне бірінші рет қатысып, ...
Read More »Боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы ширек финалға шықты
Бокстан Таиландтың астанасы – Бангкок қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға соңғы іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасының өкілі Мұхамедсабыр Базарбайұлы 63,5 кг салмаққа дейінгі дәрежеде үшінші рет шаршы алаңға шығып, қарсыласын жеңді. Ол италиялық Джанлуиджи Малангадан айласын асырып, ширек финалға шықты. Бұл жекпе-жек аса тартысты және қызықты болды. Қазақ боксшысы төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, ол Олимпиада квотасына бір қадам жақындады. Айта кететін ...
Read More »Боксшы Римма Волосенко Олимпиадаға жолдамасыз қалды
Бокстан Таиландтың астанасы – Бангкок қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан әйелдер командасының тағы бір өкілі жеңіліп қалды. 60 келі салмақта сынға түскен Римма Волосенко келесі айналымға шыға алмады. Ол үндістандық Анкушита Бородан ұпай санымен жеңілді. Жекпе-жекте төрешілер жеңісті Үндістанның боксшысына берді. Бұған дейін Ұлжан Сәрсенбек (54 кг) пен Наталья Богданова (66 кг) жарысты аяқтаған еді. Дастан КЕНЖАЛИН, ...
Read More »