Биыл Конфедерация кубогы екінші рет жалауын көтереді. Бокс, дзюдо, таеквондо, грек-рим және еркін күрес түрлерінен өткізілетін жарысқа биыл төл спортымыз қазақ күресі де қосылды. 1 желтоқсан күні Алматыда қазақ күресінен клубтар арасындағы жарыстың іріктеу кезеңі өтеді. Ал 2-3 желтоқсан күндері Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында іріктеуден өткен 4 команда Конфедерация кубогының аясында өзара жүлдегерлерлерді анықтайды. Публикация от Confederation.kz (@confederationkz) Ноя ...
Read More »Author Archives: admin
Жұмыла көтерген жүк жеңіл
Бүгін Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының құрылғанына 5 жыл болды. 2012 жылдың қараша айында Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен қолға алынған конфедерация құрамына еліміздегі ең жақсы дамыған бес спорт түрі енді. Осы жылы бокс, күрес, дзюдо, таеквондо, ауыр атлетика, қазақ күресі бір шаңырақтың астына бірігіп, конфедерацияның арқасында жаңа даму деңгейіне көтерілді. Бес жылда отандастарымыз спорттың ...
Read More »Қош, бапкер!
(Қазбек Ибрашев сол жақтан санағанда бірінші тұр) Еліміздің батыс өңірінен суыт хабар келді. Əскери самбо күресінен аға жаттықтырушы, білікті бапкер Қазбек Нығметұлы Ибрашев мәңгілік сапарға кетті. Қазбек Нығметұлы 1972 жылы Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы Тайпақ ауылында туған. Ол 27 жыл бойы жаттықтырушы болып, талай палуандарды дүрмекті додаларға дайындады. Оның қол астында жаттыққан спортшылар Азия және әлем чемпиондары болды. Ал жақында ...
Read More »Балуандар ұстаханасына – 40 жыл
1977 жылы Отырар ауданының Қоғам ауылында қазақ күресінің қазығы қағылды. Содан бері өткен 40 жылдың ішінде осы күрес үйірмесінен ұлттық спортымыздың көптеген таланттары қанаттанып шықты. Олардың арасында Азия чемпионы атанған, әлем чемпионатының жүлдесін алған саңлақтар бар. Күні кеше Қоғам ауылында қазақ күресінің ашылғанына 40 жыл толуына орай республикалық турнир дүркіреп өтті. Отырар ауданының орталығындағы даңқты балуан Қажымұқан бабамыздың атындағы спорт ...
Read More »Әлем чемпионатында еліміздің әнұранын қоюда қателік кетті (видео)
Ресейдің Сочи қаласында самбо күресінен аяқталған әлем чемпионатында ақтөбелік палуан Есет Қуанов бас жүлдені жеңіп алып, көк туымызды көкке желбіретті! Бұл туралы дер кезінде оқырмандарымызға хабарлап, сүйінші сұраған едік. Бүкіл Қазақ елі қуанып, ақ түйенің қарны жарылып жатқанда марапаттау салтанаты кезінде орын алған қолайсыз жайтты айтпай кеткен болатынбыз. Сол оқиғаны бүгін баяндап отырмыз. 62 кило салмақтағы чемпиондар мен жүлдегерлерді марапаттау ...
Read More »Есет Қуанов — самбодан әлем чемпионы! (видео)
Ресейдің Сочи қаласында самбо күресі мен әскери самбодан ерлер мен әйелдер арасында әлем чемпионаты аяқталды. Әлемнің 86 елінен келген самбошылардың қатарында Қазақ елінің палуандары да қатысып, бақтарын сынаған болатын. Бұл жолы ел қоржынына көптен күткен алтын жүлде түсті. 62 килода белдескен Есет Қуанов Сочи аспанында Қазақ елінің əнұранын асқақтатты. Сөйтіп, батыр ұлымыз самбодан әлем чемпионы атанды. Есеттің алтын жүлдесінен басқа ...
Read More »Бокстан Қазақстан чемпиондары анықталды
Биылғы Қазақстан чемпионатының ерекшелігі, Бокс федерациясы АІВА-дан «үш жұлдызды» екі төрешіні шақырған еді. Ағылшын және ирландиялық төрешілердің міндеті – қазылардың жұмысын бақылап, әділ бағасын беруге жәрдемдесу. Жарыс барысында шетелдік төрешілер Пинчук пен Құттыбеков арасындағы жекпе-жекті қайта қарап, финалға Антон Пинчукті жіберді. Тап осындай жағдай финалда да кездесті. 51 кило салмақта маңғыстаулық Азамат Исақұлов пен оңтүстікқазақстандық Олжас Байниязовтың арасындағы текетіресте 4:1 ...
Read More »«Жылдың ұлттық спорттық жүлдесі» байқауы жарияланды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті «Жылдың Ұлттық спорттық жүлдесі» байқауының өткізілуін жариялайды. Байқау осы қараша айы бойы жалғасады. Әрбір қазақстандық ең мықтыларды өздері таңдайтын болады. Байқау Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың бастамасымен осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Бұған дейінгі жылдың спорттық сыйлығының жеңімпаздарын құрамында ҰОК пен Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері бар арнайы комиссия таңдап келсе, биыл енді ...
Read More »Алматыда таеквондодан халықаралық турнир абыроймен өтті
Алматыда таеквондодан халықаралық турнир мәресіне жетті. Республикалық спорт колледжінің алаңына төселген үш даянға 1443 спортшы шықты. «Барыс» таеквондо клубының кубогы үшін өтетін халықаралық сайыс ең алғаш рет 2009 жылы ұйымдастырылған еді. Оған 500-ге тарта спортшы қатысса, екінші жылдан бастап қатысушылардың саны күрт артқан. Ал биылғы додаға 99 команда қатысып, Ресей, Моңғолия, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина, Әзірбайжан сынды елдердің тегеурінді таеквондошылары ...
Read More »Стойлов: Жыл бойы біз ешқандай сыйлықақы алмадық
«Астана» футбол командасының бас бапкері Станимир Стойлов Оралдың «Ақжайығына» қарсы ойын жайлы әрі төртінші мәрте қатарынан ел чемпионы атанғаны туралы пікір білдірді. – Ішкі біріншілікте кезекті рет жеңіске жеткенімізге қуаныштымын. Жыл бойы тынбай еңбек еттік, міне осының арқасында жемісін көріп отырмыз. Кез келген командаға төрт дүркін ел чемпионы атану бақыты бұйыра бермейді. Бұл жеңіске клубымыздағы барша қызметкердің еңбегі сіңді. Ал ...
Read More »