20-21 қазан күндері Грекияда самбодан ардагерлер арасында әлем чемпионаты өтті. Әлемнің 18 елінен келген 270 палуан 7 жас ерекшелігі бойынша бақтарын сынап, жүлделерді өзара сарапқа салды. Осы байрақты бәсекеге қатысқан Қазақстан құрама командасы елге 6 алтын, 4 күміс және 5 қола жүлдемен табысты оралды. Назарларыңызға жерлестеріміздің әлем чемпионатындағы көрсеткіштерін ұсынамыз: М1 (31-39 жас аралығы) Әсет Тоққужинов — 3 орын (82 ...
Read More »Author Archives: admin
Жасыл алаңға жер-жүзінің қазақ жастары жиналды
Алматыда «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен шағын футболдан «ER JANIBEK CUP-2017» халықаралық турнирі өтті. Биылғы жарыс ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішевтің 90 жылдық мерейтойына арналды. Оған Франция, Германия, Түркия, Иран, Ресей, Моңғолия, Қытай және Өзбекстанда тұратын қандастарымыз бен еліміздің әр облысынан командалар қатысты. Турнирде өз топтарынан келесі айналымға «Қазақ Стамбұл» (Түркия), «Әмір» (Ресей, Саратов қаласы), «Байөлке» (Моңғолия), ...
Read More »Ақтөбеде спортты дамытуға үлес қосқандар марапатталды
Кеше Ақтөбе қаласындағы №4ОМБЖОРМ-нің іргетасы қаланғанына 50 жыл жəне Ақтөбеде еркін күрестің негізін қалаушы Алексей Семкиннің 80 жасқа толған мерейтойлары басталып, турнир мен төрешілер семинары өтіп жатқанның хабарлаған болатынбыз. Бүгін кешкісін мерейтой «Дəстүр үйі» мейрамханасында жалғасын тауып, ағайынды Семкиндер бастаған спорт ардагерлері жəне аталған мектепт пен облыс спортының дамуына үлес қосқан азаматтар марапатқа ие болды. Мейрамханаға жиналған қонақтарға мектеп өмірінен ...
Read More »Дзюдо: қазақ палуандары жүлде алып жатыр
Хорватияның Загреб қаласында дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды. Оған 83 елден 500-ден астам палуан қатысып жатыр. Бүгін, дүбірлі доданың алғашқы күні қазақстандық спортшылар да татамиге шықты. Солардың арасында 44 кило салмақта Әбиба Әбужақынова деген қызымыз күресіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Тағы бір Еуропаға ел үмітін арқалап барған палуанымыз Бауыржан Нарбаев 55 кг салмақта қола медальді жеңіп алды. Бұл ...
Read More »Түркия туры: «Астана» жүлдегерлер қатарынан көрінді
Анадолы елінде осымен 53-ші рет жалауы желбіреген «Түркия туры» жарысы өз мәресіне жетті. Бұл бәйге бір жетіге созылып, жер-жүзінің велоспорт жарысына қызығатын жанкүйерлерінің бар назарын өзіне аударды. Осы сынға еліміздің атынан «Астана» кәсіпқой велоклубы да қатысты. Онда қазақстандық команда жарыстың барлық кезеңдерінде қарсыластарына лайықты бәсекелес болып, екі рет жүлделі орыннан көрінді. Турдың төртінші күні итальян Диего Улисси біріккен Араб Әмірліктерінің ...
Read More »Әлемдік дода отыз сегіз елдің басын қосты
Жақында Беларусьтің астанасы Минск қаласында қазақ күресінен өткен жетінші әлем чемпионатына 38 елдің палуаны қатысты. Жарыста қара нәсілді спортшылардың үстіне төл күресіміздің күртешесін киіп, «Баста», «Тоқта» деген төрешілердің қазақ тілінде берген бұйрықтарына бағынып, күресіп жатқан сәтін көргенде кеудеңді мақтаныш сезімі билейді екен. Әлем чемпионатына қатысқан мемлекеттердің көпшілігінде қазақ күресі федерациясы жұмыс істейді. Кейбірінде енді ашылғалы жатыр. Бұл дегеніміз – қазақтың ...
Read More »Александр Медведь: «Қазақ күресі — ең таза күрес»
Жақында Минск қаласында қазақ күресінен өткен әлем чемпионатында атақты Александр Медведьпен аз-кем әңгімелесудің сәті түскен еді. Сол шағын сұхбатты оқырманның назарына ұсынуды жөн көріп отырмыз. Александр Медведь – еркін күрестен 3 дүркін Олимпиада, 7 дүркін әлем және 3 дүркін Еуропа мен 9 дүркін КСРО чемпионы, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының құрметті президенті. Бұл кісі бізбен әңгімеде қазақ күресінің күрес түрлерінің арасындағы ...
Read More »Дзюдодан дүрмекті дода басталады
Енді міне, санаулы күндерден кейін Хорватияда жастар арасында дзюдодан әлем чемпионаты басталады. Бұл дода 18-22 қазан күндері өтеді. Ел құрамасы күні бүгін Хорватияға аман-есен жетіп, салмақ өлшеп дүбірлі додаға дайындалып жатыр. Сербияда самбодан жасөспірімдер мен жастар арасында өткен әлем чемпионатындағы спортшыларымыздың жеңісті жолын дзюдошыларымыз жалғастырып, бұл сыннан да толағай табыспен оралады деген үмітіміз бар. Сіздердің назарларыңызға Хорватия татамиінде Алаштың намысын ...
Read More »Қазақстан үздік үштіктен көрінді
Кеше кешкісін Сербияның Нови Сад қаласында самбо күресінен жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Соңғы күні 52 кг салмақта күрескен Жадыра Әміртаева ел қоржынына үшінші алтын жүлде салды. Бұдан басқа Ақбота Арынғазина (64 кг) екінші орынды иеленсе, Ернұр Сүлеймен (56 келі), Қайыркелді Айдынбай (57 кг) мен Қайсар Шамшиддинов (100 кг) қола медальді қанағат тұтты. Сонымен Қазақстан құрамасы ...
Read More »Палуан Демеу Жадыраевқа жаңа атақ берілді
Бүгін Талдықорғанда Конфедерация Кубогы іріктеу кезеңінің ашылу салтанатында биылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, ал оның жаттықтырушылары Жұмақан Тұғанбеков пен Берік Жапсарбаевқа Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағы берілді. Сондай-ақ, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев Ұлттық Олимпиада комитетінің 25 жылдық мерейтойлық медалімен марапатталды.
Read More »