Бүгін Астана қаласында конькимен жүгіруден ересектер арасында Қазақстан кубогының кезеңі басталды. Алғашқы күні ерлер мен әйелдер 500 және 1500 метр қашықтықта жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтады.
Ерлер, 500 метр:
- Дарья Гаврилова (Астана)
- Арина Ильященко (Павлодар)
- Алена Лифатова (Павлодар)
Әйелдер, 500 метр:
- Мақсат Мұқаев (Астана)
- Алтай Жәрдембекұлы (Астана)
- Иван Аржаников (Петропавл)
Ерлер, 1500 метр:
- Маргарита Артемьева (Алматы)
- Анастасия Беловодова (Семей)
- Ирина Чумак (Алматы)
Әйелдер, 1500 метр:
- Алтай Жәрдембекұлы (Астана)
- Вадим Якубовский (Рудный)
- Михаил Глущенко (Алматы)
Биылғы ел ішіндегі бәсекеге 8 өңірден (6 облыс пен Астана, Алматы қаласынан) 160 спортшы қатысып жатыр. Ертең әйелдер 1000 және 3000 метрге, ерлер 1000 және 5000 метрге жарысады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА