ФИФА президенті Джанни Инфантино футболдан әлем чемпионаты кезінде барлық қарулы қақтығыстарды тоқтатуға шақырды.
Футбол – жақсылыққа жетелейтін күш. Футбол әлемдегі мәселелерді шеше алады дегенге сену аңғалдық емес. Біздің басты мақсатымыз спорттағы ұйымдастыру жұмыстары екенін жақсы түсінеміз. Футбол адамдарды жақындастыратынын ескерсек, алдағы 5 миллиард адам тамашалайтын әлем чемпионаты бейбітшілікке оң серпін бере алады, – деді ол.
Сонымен бірге Джанни Инфантино 2018 жылы Ресейдің әлем чемпионатын өткізгенін, ал Украинаның 2030 жылғы әлемдік доданы ұйымдастыруға үміткер болып отырғанын ескертті.
Мен мемлекет басшыларынан әлем чемпионаты кезінде оқ атуды тоқтатуды сұраймын. Бейбітшілікке бірінші болып қадам жасаңыздар. Әлемдік көшбасшыларсыздар, сіздерде тарихи өзгерістер жасауға мүмкіндік бар, – деді ФИФА-ның басшысы.
Оның айтуынша, футболдан әлем чемпионаты – адамзаттың бірігуге арналған тамаша алаңы.
Ендеше, осыны пайдаланып, қақтығыстарды тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін жасайық, – деді Инфантино.
Катарда әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында өтеді.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА