Футболдан Азия кубогы-2023 жарысының топтық кезеңінің жеребесі тартылды. Азия кубогы-2023 турнирі 2024 жылдың 12 қаңтары мен 10 ақпаны аралығында Катарда өтеді. Турнир әуелі биылғы жылдың маусым және шілде айларында Қытайда өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты Қытай турнирді өткізуден бас тартты. Сонымен жеребе қорытындысы мынадай болды: А тобы Катар Қытай Тәжікстан Ливан В тобы Австралия Өзбекстан Сирия Үндістан ...
Read More »Tag Archives: Катар
ӘЧ-2022: Ширек финалға сегіз мықты шықты
Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында бүгінге қараған түні топтардан ширек финалға шыққан соңғы жұптың құрамалары анықталды. Мұның кеше кешке ойналған бірінші матч нағыз сенсациялық нәтижемен аяқталды. «Е» тобынан екінші болып шыққан Испания құрамасы «F» тобында топ бастаған Марокко командасымен ойында жеңіліп қалды. Испания құрамасы осымен қатарынан екінші әлем чемпионатында ширек финалға жете алмай отыр. Бұдан кейін Португалия құрамасы Швейцарияны ...
Read More »Жапон халқынан алар үлгі жетеді
Осы күндері футболдан Катарда өтіп жатқан төрт жылда бір келетін дүрмекті әлем додасы жер-жүзінің назарын өзіне аударып, күн сайын қызығы қайнай түсіп келеді. Футбол деген бір сиқыр-өзіне тартып баурап алады емес пе?! Бар жұмысты ысырып қойып, әлемдегі теңбіл доптың серкелерінің тартысты ойындарына көз тігіп отырмыз. Иә, Қазақстан құрамасы да осындай бір дүбірлі мундиалға қатысатын күн туар ма жоқ па?-Үмітті үкілеп ...
Read More »Футбол жанкүйері Катарға 1600 шақырымды жаяу жүріп жеткен
Сауд Арабияның азаматы Абдалла әл-Салми футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатына өз командасын қолдау үшін жаяу барған. Ол Дохаға 1600 шақырымды артқа қалдыра отырып жетіпті. Соның құрметіне жанкүйерлер Абдалланы сән-салтанатпен күтіп алған. Әлем чемпионатын көру Абдалла әл-Салмидің бала кезден бергі арманы екен. Ол Сауд Арабиясы мен Аргентина арасындағы матчты өткізіп алмауға бекініп, туған қаласы Джеддадан Дохаға дейін жаяу шығып, 55 күн жүріп ...
Read More »ӘЧ-2022: Жанкүйерлер сыраны талап етіп жатыр
Эквадор құрамасының жанкүйерлері футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанатынан кейін Катарға қарсы ойын кезінде сыраны талап еткен. Матчтың бірінші таймында эквадорлық жанкүйерлер «Queremos cerveza» деп айқайлаған. Испан тілінен аударғанда бұл «біз сыра қалаймыз» дегенді білдіреді. Әлем чемпионаты басталардан екі күн бұрын ФИФА стадионда сыра сатуға тыйым салды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »ӘЧ-2022: Катар алғашқы матчта Эквадордан ұтылды
Катар құрамасы футболдан әлем чемпионатының ашылуында Эквадордан 0:2 есебімен ұтылды. Мундиалдың алғашқы матчы Әл-Хаур қаласындағы «Әл-Байт» стадионында болды. Кездесудегі екі доп та қақпаға бірінші таймда соғылды. Эквадорлықтар 3-минутта есеп ашқан еді. Бірақ алаңдағы арбитр офсайд болды деген есептемей тастады. Бұдан кейінгі бірінші гол пенальтиден салынды. Матчтың 16-минутында өзімен бетпе-бет шыққан Эквадор құрамасының шабуылшысы Эннер Валенсияны катарлық қақпашы өз айып алаңында ...
Read More »Катарда футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтті
Катардың Әл-Хаур қаласындағы «Әл-Байт» стадионында футболдан әлем чемпионатының салтанатты сәті болып өтті. Ұйымдастырушылардың жоспарында ән әлемінің жұлдыздары Дуа Липаны немесе Шакираны салтанатқа қатыстыру болып еді. Алайда, олар бұдан бас тартқан болып шықты. Мұның есесіне, АҚШ-тың белгілі актері, «Оскар» сыйлығының лауреаты Морган Фриман мен Кореяның BTS тобының әншісі Чонгук салтанаттың бас қаһармандарына айналды. Турнирдің бойтұмары арабтың дәстүрлі бас киімі – куфии ...
Read More »ӘЧ-2022. Құрама командалардың құрамдары
Ертең Катарда футболдан ХХІІ әлем чемпионаты басталады. Оған 32 елдің ұлттық құрама командаcы қатысады. Төрт жылда бір рет өтетін дүрмекті додада жасыл алаңға шығатын футболшылардың тізімін ұсынуды жөн көріп отырмыз. А тобы КАТАР Қақпашылар: Саад Аль-Шииб, Мешаал Баршам (екеуі де – «Аль-Садд»), Юссеф Хассан («Аль-Гарафа»). Қорғаушылар: Абделькарим Хассан, Буалем Хухи, Ро-Ро, Тарек Салман, Мусаб Хедер (бәрі де – «Аль-Садд»), Исмаэль Мохаммад, Бассам Аль-Рави (екеуі де – ...
Read More »Футболдан әлем чемпионатын қайдан көруге болады?
20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда футболдан әлем чемпионаты болады. Қазақстандықтар барлық матчтарды тікелей эфирден көре алады. Әлемдік доданың ашылу салтанаты 20 қараша күні Астана уақыты бойынша 20:45-те басталады. Тікелей трансляцияны «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көрсетеді. Футболдан әлем чемпионатының тікелей трансляциялар кестесі: 20.11.2022 20:45 Әлем чемпионатының ашылу салтанаты. «Qazaqstan», «Qazsport» 22:00 Катар – Эквадор. «Qazsport» 21.11.2022 19:00 Англия – ...
Read More »Катар Эквадор құрамасына пара бермек болды
Катарды жеңіске жету үшін Эквадор футболшыларын «сатып алуға» әрекет жасады деп айыптап жатыр. Катар өз елінің құрамасынан жеңілулері үшін (есеп 0:1, гол екінші таймда салынуы керек) Эквадордың сегіз футболшысын 7,4 млн доллар ақшаға сатып алған. Катар мен Эквадордың ақпарат құралдары бұл мәліметті растап отыр. Журналист Амджад Тах өзінің Twitter-дегі аккаунтына осы туралы жазған. Катарда өтетін кезекті әлем чемпионаты 20 қарашада ...
Read More »