• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    ӘЧ-2022: Ширек финалға сегіз мықты шықты

    Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында бүгінге қараған түні топтардан ширек финалға шыққан соңғы жұптың құрамалары анықталды. 

    Мұның кеше кешке ойналған бірінші матч нағыз сенсациялық нәтижемен аяқталды. «Е» тобынан екінші болып шыққан Испания құрамасы «F» тобында топ бастаған Марокко командасымен ойында жеңіліп қалды. Испания құрамасы осымен қатарынан екінші әлем чемпионатында ширек финалға жете алмай отыр.

    Бұдан кейін Португалия құрамасы Швейцарияны 6:1 етіп талқандап жеңді. Мұны сенсация демесек те, ешкім күтпеген нәтиже болғаны анық еді. Осы матчта Криштиану Роналдудың шебінде алаңға шыққан Гонсалу Рамеш үш гол салып, мундиальдағы алғашқы хет-трикті тіркеді.

    Бұл екі құрама 2022 жылы Ұлттар лигасында екі рет кездескен болатын. Олардың Лиссабонда өткен бірінші матчында алаң иелері 4:0 есебімен жеңсе, Женевада ойналған қарымта кездесуі 1:1 болып аяқталды.

    Чемпионаттың 17-күні, сөйтіп, 1/8 финалдық кезең өзінің мәресіне жетті.

    Енді ширек финалдық кездесулер 9-11 желтоқсан күндері болады.

    9 желтоқсан. 21:00.  Хорватия – Бразилия.

    10 желтоқсан. 01:00.  Нидерланд – Аргентина

    21:00.  Марокко – Португалия

    11 желтоқсан. 01:00.  Франция – Англия

    Жартылай финалдық матчтар 14-15 желтоқсан күндері сағат 01:00-де басталады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *