• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Cенсация: Испания құрамасы Мароккодан жеңіліп қалды

    Футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Марокко мен Испания арасындағы плей-офф кезеңіндегі матч аяқталып, африкалық құрама өз тарихында алғаш рет ширек финалға шықты. 

    Бұл кездесудің негізгі уақытында есеп ашылған жоқ. Қосымша таймда да қарсыластар бір-біріне гол сала алмады. Ойынның тағдыры матч соңындағы пенальтиде шешілді.

    Пенальти сериясында Испания құрамасының үш ойыншысы нысананы дәл көздей алмады. Олардың біреуі қақпа бағанына тигізсе, екі допты қақпашы Яссин Буну қайтарды. Марокко сапынан үш ойыншы қақпаны дәл көздеді. Осылайша, африкалық құрама өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *