• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан ескек есуден тағы екі жүлде алды

    Таиландтың Паттайя қаласында академиялық ескек есуден ересектер мен жастар арасындағы XXI Азия чемпионатының соңғы күні Қазақстан құрамасының спортшылары тағы екі медаль жеңіп алды.

    Жасөспірімдер арасында (JM2-) Тимур Фомичев пен Ярослав Мельников жұбы мәреге бірінші келіп, алтын жүлде алды. Ал жасөспірімдер арасында (JM4-) санатында Медина Қоңырбаева, Варвара Белоногова, Анжела Полянина, Мелани Жакупова квартетін финалда үздік үштікті түйіндеді.

    Ересектер арасында (LW1x) Мария Чернецке сәттілік жетіспей, мәреге бесінші болып жетті. Сонымен қатар жасөспірімдер арасында (JM1x) Артем Матусевич жүлдеге сынық сүйем қалғанда сүріпі, төртінші сатыдан көрінді.

    Ұлттық құрама 3 желтоқсанда екі медальге ие болған еді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *