• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтеді

    Колумбияның астанасы Богота қаласында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтеді. Оған Қазақстан құрамасы қатысады.

    Бұл  додада еліміздің атынан 13 ауыр атлет күш сынасады. Олардың арасында Арли Чонтей (55 кг), Анатолий Савельев (67 кг), Бектай Асылжан, Денис Уланов (89 кг), Еламан Сейітқазы (81 кг), Әлішер Сейітқазы (96 кг), Нұрғиса Әділетұлы (96 кг), Арай Нұрлыбекова (76 кг), Артем Антропов (102 кг), Айша Омарова (81 кг), Айым Есжанова (87 кг) мен Любовь Ковальчук (87 кг) бар.

    Биылғы қазан айында өткен Азия чемпионатында ел құрамасынан Айхада Мүптілда, Зульфия Чиншанло мен Асылжан Бектай чемпион атанды. Ал Арли Чонтей мен Арай Нұрлыбекова күміс, Айша Омарова мен Артем Антропов қола жүлде алды.

    Әлем чемпионаты Астана уақытымен «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде сағат 3:30-6:00 аралығында көрсетіледі.

    7 желтоқсан, 06:00-де – 55 келіге дейін (А тобы) Арли Чонтей;

    10 желтоқсан, 01:00-де – 73 келіге дейін (В тобы) Алексей Чуркин, сағат 3:30-да – 67 келіге дейін (А тобы) Анатолий Савельев;

    12 желтоқсан, сағат 1:00-де – 89 келіге дейін (В тобы) Асылжан Бектай, Денис Уланов; сағат 3:30-да – 81 келіге дейін (А тобы) Еламан Сейітқазы;

    13 желтоқсан, сағат 1:00-де – 96 келіге дейін (В тобы) Әлішер Сейітқазы; сағат 03:30-да – 96 келігедейін (А тобы) Нұрғиса Әділетұлы;

    14 желтоқсан, сағат 01:00-де – 76 келіге дейін (В тобы) Арай Нұрлыбекова; 06:00-де – 102 келіге дейін (А тобы) Артем Антропов;

    14 желтоқсан, сағат 22.30-да – 81 келіге дейін (С тобы) Айша Омарова;

    Сағат 22:30-да – 87 келіге дейін (В тобы) Айым Есжанова;

    15 желтоқсан, сағат 22:30-да – 87+ келі (В тобы) Любовь Ковальчук:

    Алғашқыда чемпионатты Қытайдың Чунцин қаласында өткізу жоспарланған еді. Бірақ биылғы жылдың наурыз айында Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) оны Колумбия астанасына ауыстыру жөнінде шешім қабылданды.

    Оған Қытайда коронавирус жағдайына байланысты қатаң талаптар қойылуы басты себеп болды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *