• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Monthly Archives: мамыр 2019

    Алматыда атан жілік, апайтөс алыптар анықталды

    Бүгінгі таңда төл  күресімізді дамытуда студент жастардың қосып жатқан үлесі зор. Кеше Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің шаңырағында Алматы қаласы ЖОО студенттерінің арасында қазақ күресінен жекпе-жектер болып өтті. Бұл жарыс студенттер арасында шаhардағы ең мықты түйе палуанды анықтауға арналған еді. Бұл белдесулер  бір жағынан жастардың ұлттық күресімізді  дәріптеп, құрметпен қарауына бағышталса, екінші жағынан,  студенттердің салауатты өмір салтына бет бұруды ...

    Read More »

    Қазақ жастары жарыстан жеті жүлде әкеле жатыр

    10-12 мамыр аралығында Украинаның Одесса қаласында  мейбуакан годзю-рю каратэ-до жекпе-жегінен өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль алып, командалық есепте екінші орынға ие болды. Осы додада ел намысын қорғаған қайсар мінез қаракөз жастарымыздың барлығы дерлік құр қол қайтпай, жеңіс сатысына көтеріліп, үлкен жетістікпен елге оралып келеді. Әлем чемпионаты болған соң  әр елдің сайдың іріктелініп алынған ...

    Read More »

    Ақтөбеде Х Бүкілқазақстандық жазғы Универсиада басталды

    Бүгін Ақтөбе қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде Жастар жылына арналған Х  Бүкілқазақстандық Универсиаданың ашылу салтанаты өтті. Биыл іргетасы қаланғанына 150 жыл толатын Ақтөбе мекеніне 60-қа жуық жоғары білім ордаларының спортшылары жиналды. Универсиаданы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин  құттықтау сөзімен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Қазақстан Республикасы студенттер спорты федерациясының президенті Қайрат Закирьянов шараны тиісті деңгейде өткізгені үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтты. Осыдан ...

    Read More »

    Жаңа кітап жарық көрді

    «Менің 100 партиям». Танымал жорналшы, аудармашы, саясаткер Сағат Жүсіптің Алматыдағы «Курсив» баспасынан шыққан кітабы осылай аталады. С. Жүсіп дойбы  спорты мен тақырыбына мол еңбек сіңіріп жүрген адам. Оның «Дойбы мектебі», «64 шаршыдағы халықаралық дойбы» (Г. Пакпен бірге), «Қазақтың тұңғыш шебері» (Қазақтан шыққан тұңғыш спорт шебері Б. Иманалиев жайлы) деген кітаптары оқырмандардың жақсы ықыласына ие болып тез тарап кеткен кітаптар. Сонау ...

    Read More »

    Ерім дейтін ел болмаса, елім деген ер қайдан болсын?

    Дана халқымыздың осындай тамаша сөзі бар. Алайда, көп жағдайда бұл сөздің мағынасына мән бере бермейтініміз рас. Жақында қазақ күресін әлемдік деңгейге көтеріп жүрген қос азамат Ислам Әбішев пен Серік Түкеевтердің басына іс түскен кезде барып, мен бұл сөздің не үшін айтылғанына көзім жетіп отыр. Елім деп жүрген азаматтарға қолдау көрсетіп, оларды Ерім дейтін кез келгендіктен қолыма қалам алдым. Серік Адамұлының ...

    Read More »

    Алматыдағы алтыншы аламан: тастүлектер томағасын сыпырды

    Алматыда бокстан КСРО спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Амалбек Қозыбақұлы Тшановтың халықаралық турнирі алтыншы мәрте жалауын желбіретті. Жастар арасындағы додаға еліміздің спортшыларынан басқа Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан мен Түркменстаннан боксшылар қатысты. 2001-2002 жылы туған жастар апта бойы республикалық спорт колледжінің манежіне тігілген шаршы алаңның шаңын көтеріп, көрерменнің қанын қыздыратын жекпе-жектер өткізді. 100-ден аса жуан жұдырық жігіттер он салмақта жүлделерді бөліске ...

    Read More »