• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан дзюдо федерациясы

    Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

    Қазақстан дзюдо федерациясы Астанада 10-12 мамыр аралығында өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік жарысына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.

    Олимпиадалық рейтингте ұпай беретін бұл жарыста Қазақстан намысын ұлттық құрама көшбасшыларымен бірге жас спортшылар да қорғайды.

    Ерлер құрамасында Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин, Шерзод Давлатов, Дәурен Сүйікенов (-60 кг), Есет Қуанов, Ғұсман Кырғызбаев, Нұрсұлтан Зайзағалиев, Жанарыс Рахметқали (-66 кг), Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов, Жансай Смағұлов, Бақытжан Абдурахманов (-73 кг), Абылайхан Жұбаназар, Жалғас Қайролла, Руслан Мусаев, Мәди Амангелді (-81 кг), Айдар Арапов, Ермахан Ануарбеков, Досымов Қудырет, Мавлидов Мұхаммедали (-90 кг), Нұрлыхан Шархан, Ислам Бозбаев, Әділет Сапарғалиев, Бекзат Шағатаев (-100 кг) мен 100 келіден аса салмақта Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев, Мәди Еділбаев, Ғалымжан Қырықбай күш сынасады.

    Әйелдер командасында Ғалия Тыңбаева, Диана Буркеева, Алира Шегелекова, Жібек Жақсыбай (-48 кг), Толғанай Абеуова, Балнұр Әбдешова, Аружан Ережепова, Алима Жұмағалиева (-52 кг), Бақыт Құсақбаева, Ұлдана Үсейн, Дина Муханбет, Дана Әбдірова (-57 кг), Эсмигүл Куюлова, Самалай Ерғалиева, Кристина Сотникова, Зарина Сарипова (-63 кг), Екатерина Токарева, Анастасия Маякова, Анастасия Морозова (-70 кг), Лаура Жәнібекова, Анастасия Нагачевская (-78 кг) мен 78 келіден аса салмақта  Аида Тойшыбекова, Ақерке Рамазанова, Карина Такиева, Назгүл Маратова татамиге шығады.

    Еске сала кетсек, тек жарысты қабылдаушы ел ғана әр салмақ дәрежесінде төрт спортшыдан көп балуанды татамиге шығаруға құқылы, — деп хабарлады Қазақстан дзюдо федерациясы.

    Турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында болады. Оған 86 елден 400-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланған. Жарысқа кіру тегін.

    Qazaqstan barysy Grand Slam турнирінде дзюдошылар 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиялық ойындарға қатысу үшін ұпай жинайды.

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *