«Менің 100 партиям». Танымал жорналшы, аудармашы, саясаткер Сағат Жүсіптің Алматыдағы «Курсив» баспасынан шыққан кітабы осылай аталады. С. Жүсіп дойбы спорты мен тақырыбына мол еңбек сіңіріп жүрген адам. Оның «Дойбы мектебі», «64 шаршыдағы халықаралық дойбы» (Г. Пакпен бірге), «Қазақтың тұңғыш шебері» (Қазақтан шыққан тұңғыш спорт шебері Б. Иманалиев жайлы) деген кітаптары оқырмандардың жақсы ықыласына ие болып тез тарап кеткен кітаптар. Сонау өткен ғасырдың 60-70 жылдары дойбы тақырыбына кітап жазған Т. Сұлтанбековтан кейін қазақ тілінде бұл тақырыпқа жазатын мамандар өте аз болғанын айтқанымыз жөн. 60 жылдан астам уақыт бойы дойбыны жан серік еткен С. Жүсіп ағамыздың спорттық жетістіктері де аз емес. Қызметбасты болғанына қарамастан жас кезінде екі рет республика чемпионы болған, халқымыздың намысын одақтық жарыстарда қорғаған, қартайған шағында үш рет ел чемпионы болып ардагерлер арасындағы әлем біріншілігіне де қатысуға уақыт таба білді.
-Бұл кітапты өзімнің биылғы мерейтойыма арнап өзіме тарту ретінде сыйлап отырмын. 60 жылдан астам уақыт жан серігім болған дойбы маған көп қуанышты сәттер сыйлады, мінезімді қалыптастырды, ми қабілетімді ширатты. 600-н астам ресми партиялар ойнаған екенмін. Солардан 100 партиямды іріктеп жас дойбышыларға ұсынып отырмын. Пайдаларына жараса игі – дейді Сәкең.
Енді дойбықұмар оқырмандарға Сәкеңнің осы кітапта жарияланған бір партиясын көруді ұсынамыз. Сәкең жасаған керемет комбинация бірнеше дойбы журналдары мен кітаптарда жарық көрген.
Ц.Цабуташвили (Грузия) – С. Жүсіпов (Қазақстан) (1976 ж.) КСРО-ң 4-і командалық біріншілігі, «Теріс қазық» бастауы.
1.cb4 fe5 2.gh4 ef4 3.eg5 hf4 4.ba5 «Қазықты» (c5 пен f4 тастарын) бірден шабуыл жасаудың еш пайдасы жоқ екенін оқырмандарым білер, еш пайда бермейді 4…bc5 5. Bc3 ef6 қара жағы бұл жүрісімен орта үшін күресетінін аңғартты. 6.cb4 gh6 6….fe5 жүру қауіптілеу, ақ 7.fg3 жүріп байлап тастауы мүмкін.7.fg3 hg7 8.ge5 fd4 9.ab2 gf6 Дебют бітті, енді күрделі ойын басталуы тиіс. 10.hg3 de7 11.dc3 fe5 12.gh2
Шешуші кезең. Ақ келесі жасайтын: 12…gf4 13.eg3 hf4 жүрісімен қараны қиын жағдайға түсіремін деп ойлады. Бірақ.. 12….ef4! 13.ce5 `(Егер 13.ge5 df6 14.cd2 fe5 15.ef2 ef6 16.fg3 ab6 17.de3 fg7 18.gf4 eg3 19.hf2 hg5 20.hg3 fe5 21.gh4 gf6 22.fg3 ba7 23.gf4 eg3 24.hf2 fe5 25.fg3 gh4x 13…ef6 14.eg7 de5! 15.bd6 hg5 16.hd4 ca1 17.ge5 ah8x
Биыл 75 жасқа толайын деп отырған ағамызға қажымас қайрат пен мықты денсаулық, шабытты шығармашылық тілейміз.
Серік ЕРҒАЛИ