• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 29.03.2024

    Олимпиада-2024: Ангелина Лукас ұлттық құрамаға іріктеуден өтеді (ВИДЕО)

    Қазақстан әйелдер құрамасының жаттықтырушылар құрамы 8-10 cәуір аралығында Астанада өтетін спаррингтік кездесулерге шақыртылған боксшылардың құрамын бекітті, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы. Спаррингтік жекпе-жектердің қорытындысы бойынша жаттықтырушылар құрамы Таиландтың астанасы – Бангкок қаласында өтетін әлемдік іріктеу турниріне қатысатын боксшыларды анықтайды. Спаррингтік кездесулерге 4 салмақ дәрежесінде 16 боксшы шақыртылды. Олардың арасында 54 келідегі Ангелина Лукас та бар. Ал 60 келіде спарринг ұйымдастырылмайтын ...

    Read More »

    Теңге ілуден ІІ Азия кубогына жеті елдің спортшылары қатысады

     Ұлттық спорт қауымдастығының Теңге ілу федерациясы 6-7 сәуір аралығында Шымкент қаласындағы Орталық ипподромда ІІ Азия кубогын өткізеді, деп хабарлады Теңге ілу федерациясы. Азия кубогына теңге ілуден Қазақстан құрамасынан басқа, алты мемлекеттің спортшылары қатысады. Атап айтқанда, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Моңғолия, Тәжікстан елдерінен келген 50-ге жуық спортшы теңге ілудің үш стилі бойынша бақ сынайды. Теңге ілу федерациясының президенті Амангелді Әбдіқадыровтың айтуынша, ...

    Read More »

    «Ұлы жібек жолы» турнирі: Қазақстан үш алтын медаль алды

    Бокстан Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан «Ұлы жібек жолы» турнирінде Қазақстан құрамасы үш алтын медальді жеңіп алды. 60 келі салмақ дәрежесінде Талғат Сырымбетов финалда шаршы алаң иесі Азрак Бабировты жеңді. Қазақ боксшысы қарсыласынан үш раундта айқын басымдылық танытты. Ол бірінші раундта-ақ қарсыласына еш мүмкіндік бермей, ұпай санын жинап отырды. Ал үшінші раундта әзербайжан боксшы «бесінші» бұрышты іздеп, жұдырықтасудан қалды. Жекпе-жектің соңында төрешілердің ...

    Read More »

    Рыбакина екінші рет қатарынан Майами турнирінің финалына шықты

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Miami Open WTA 1000 турнирінің финалына шықты, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Ол жартылай финалда аса тәжірибелі, кезінде дүниежүзілік рейтингіде көш бастаған, қазір 32-орында тұрған Беларусьтің өкілі Виктория Азаренкомен ойнады. Азаренко спорттық жолында талай рет табысқа жеткен. Соның ішінде Аустралия ашық чемпионатының екі рет, Miami Open WTA 1000 турнирінің үш дүркін жеңімпазы атанған.  Дегенмен ...

    Read More »